ТҰРЛЫБЕК СҰЛТАНБЕКҰЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ШЫҒЫСТЫҚ САРЫН МЕН НӘЗИРА ДӘСТҮРІНІҢ КӨРІНІСІ

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.53871/2078-8134.2025.3-12
Data confidence 85 high
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада Қазығұрт-Қаратау аймақтық әдеби мектебінің көрнекті өкілі Тұрлыбек Сұлтанбекұлы шығармашылығындағы шығыстық сарын мен нәзира дәстүрінің көркемдік ерекшеліктері талданады. Ақын шығармаларындағы шығыстық сарын мен нәзира дәстүрін игерудегі шеберлігі сараланады. Зерттеу барысында ақынның шығармаларына негіз болған. Тұрлыбек Сұлтанбекұлының «Мұңкүн жетім», «Құлқаныс-Зеберше» және басқа да дастандарындағы нәзирагөйлік дәстүрдің көріністері талданады. Зерттеудің өзектілігі – қазақ әдебиетінде аймақтық әдеби мектептердің шығармашылық мұрасын зерттеу ісі әлі де толық жүйеленбеген мәселе. Тұрлыбек Сұлтанбекұлының поэзиясы осы тұрғыдан алғанда дәстүр сабақтастығының, әсіресе шығыстық поэтикалық үлгілер мен нәзира дәстүрінің қазақ әдебиетінде қалай дамығанын айқындайтын маңызды дерек көзі. Бұл мәселені қарастыру ұлттық әдеби дамудың тарихи заңдылықтарын, мәдени ықпалдастық үдерістерін және поэтикалық жаңашылдықты түсіну үшін өзекті. Ақын мұрасын зерттеудегі тың бағыттардың біріне жол ашып, оның әдеби мұрасын кешенді түрде қарастыруға мүмкіндік береді. Мақаланың мақсаты – Тұрлыбек Сұлтанбекұлы шығармашылығындағы шығыстық сарын мен нәзира дәстүрінің негіздерін анықтау және ақын шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі орнын айқындау. Зерттеу барысында Тұрлыбек Сұлтанбекұлының бұрын ғылыми айналымға енбеген архивтік қолжазбалары мен сирек жарық көрген шығармалары қарастырылып, алғаш рет мәтіндік және көркемдік талдауға түсті. Зерттеу нәтижесінде Тұрлыбек Сұлтанбекұлының шығармашылығындағы шығыстық сарын мен нәзира дәстүрінің негіздері айқындалды. Тұрлыбек Сұлтанбекұлының поэзиясы ұлттық поэтикалық жүйенің дәстүрлі арнасын сақтай отырып, оған өзіндік көркемдік жаңалықтар енгізуімен ерекшеленеді. Ақын шығармашылығында қазақ өлеңінің классикалық өлшемдері мен халықтық тілдік өрнектері заманауи мазмұнмен сабақтасып, жаңа поэтикалық сипатқа ие болады. Сонымен қатар, оның туындыларында ұлттық болмыс пен рухани құндылықтар қазіргі қоғамның әлеуметтік-мәдени мәселелерімен ұштасып, қазақ поэзиясының мазмұндық-идеялық өрісін кеңейтуге ықпал етеді.