Лудоманияның алдын алу: мемлекеттік саясат пен құқықтық реттеудің өзекті мәселелері

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-6844-2025-152-3-46-62
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясат және құқықтық реттеу тұрғысында ойынға тәуелділіктің алдын алудың өзекті мәселелері талданады. Құмар ойындарға тәуелділік әртүрлі мемлекеттік мекемелерде пәнаралық көзқарас пен үйлестірілген күш-жігерді қажет ететін күрделі әлеуметтік және медициналық мәселе ретінде қарастырылады. Жұмыста Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің, «Ойын бизнесі туралы» Заңының, сондай-ақ азаматтардың, әсіресе жастардың және халықтың әлеуметтік осал топтарының мүдделерін қорғауға бағытталған нормативтік құқықтық актілердің нормалары қарастырылған. Мақалада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Еуропалық Одақтың қазіргі стратегиялары және Scopus және Web of Science халықаралық деректер қорларында жарияланған эмпирикалық зерттеулердің нәтижелері талданады. Құқықтық реттеу мен практикалық алдын алу шараларының өзара байланысына, оның ішінде цифрлық мониторинг технологияларын енгізуге, әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету жүйесін дамытуға, бос уақытты жауапты өткізу мәдениетін қалыптастыруға ерекше назар аударылады. Мақалада отандық және шетелдік тәсілдерге сыни шолу жасалып, заңнамадағы олқылықтарды анықтау және алдын алу бағдарламаларын іс жүзінде жүзеге асыру қарастырылған. Бұл жұмыстың ғылыми жаңалығы құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік беретін халықаралық тәжірибе мен ұлттық құқықтық шындықты салыстыруында.