Тапсырыс берушілер мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылардың құқықтық жауапкершілік мәселелері туралы

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-6844-2025-152-3-85-104
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақалада авторлар мемлекеттік сатып алу саласындағы тапсырыс берушілер мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылардың құқықтық жауапкершілігіне қатысты теориялық және практикалық аспектілерді зерттейді. Мақаланың мақсаты – мемлекеттік сатып алу субъектілерінің құқықтық жауапкершілігін талдау, проблемаларды анықтау және жетілдіру ұсыныстарын әзірлеу. Зерттеудің негізгі бағыттары: мемлекеттік сатып алудағы құқықтық жауапкершіліктің теориялық негіздері, тапсырыс берушілер мен ұйымдастырушылардың жауапкершілігін реттеу, практикалық мәселелер, тетіктерді жетілдіру. Идеялары – жауапкершілік шекаралары мен критерийлерін анықтау, құқықтық қайшылықтарды жою, заңнаманы жетілдіру, заңбұзушылықтардың алдын алу. Жұмыстың ғылыми және практикалық маңызы. Мақала зерттеушілерге, заңгерлерге және мемлекеттік сатып алу саласында реттеу және бақылаумен айналысатын мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ осы саладағы ашықтық пен заңдылықты арттыру мәселелерімен қызығатын барлық тұлғаларға арналады. Зерттеу әдістемесі. Бұл зерттеу жұмысы кешенді талдау жасауды талап етеді, сондықтан зерттеу жүргізу барысында жүйелі түрде жалпы және арнайы ғылыми-зерттеудің эмпирикалық және теориялық әдістері қолданылды. Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері мен талдаулары, қорытындылары. Зерттеудің нәтижесінде заңнамадағы олқылықтар анықталды, тәжірибеге талдау жасалды. Заңнаманы бұдан әрі жетілдіруге, тапсырыс берушілердің жауапкершілігін жетілдіруге қатысты тұжырымдар жасалды. Бұл зерттеу тапсырыс берушілер мен ұйымдастырушылардың жауапкершілігіне қатысты мәселелерді жетілдіруге елеулі үлес қосады. Ғылыми жаңашылдығымен, практикалық маңыздылығымен ерекшеленеді. Жұмыс нәтижелерінің практикалық мәні. Жұмыс нәтижелерін тапсырыс берушілер, өнім берушілер, сот, құқық қолдану және реттеуші органдардың жұмыстарында қолдануға болады.