Сотқа дейінгі өндірістегі дауды (жанжалды) реттеу саласында медиативтік рәсімдерді қолданудың халықаралық тәжірибесі

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-6844-2025-152-3-121-133
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақалада сотқа дейінгі өндірістегі медиативтік рәсімдерді қолдану жолымен дауды (жанжалды) реттеудің балама тәсілдері қарастырылып, сондай-ақ азаматтық және қылмыстық сот өндірісіндегі тараптар арасындағы жанжал туындаған кезінде осы институтты тәжірибеде қолданудың шетелдік тәжірибесі зерттеледі. Қазіргі жағдайда сот істерінің материалдарын зерттеу судья мен сот жүйесінен жүктемесін төмендету қажеттілігі туралы ойлануға мәжбүр етеді. Ұлыбритания, Германия және Франция ретінде мемлекеттерінде медиативтік рәсімдерді қолдану бойынша халықаралық тәжірибені ескеретін болсақ сотқа дейінгі өндірісінде медиация институтын қолдану тиімділігі бойынша сұрағы таң қалдырады. Қарастырылып жатқан мақалада медиативтік рәсімдерді қолданудың халықаралық тәжірибесі ғана емес, сонымен қатар шетел мемлекеттердегі медиация саласындағы заңнамалық деңгейде дауларды реттелуі зерттелді. Сот өндірісіндегі медиация институтын қолданудың, халықаралық заңнаманы ұлттық заңнамамен жан-жақты салыстырмалы талдауды жүргізу негізінде Қазақстандағы заңнаманың өзі тиімсіздігі мен сот жүйесіндегі іс материалдар бойынша жүктеме көлемінің тұрақтылығы, медиативтік рәсімдерді тәжірибеде аз қолданылуы жайлы айтуға болады. Зерттеудің негізгі мақсаты сот өндірісіндегі медиативтік рәсімдерді қолданудың халықаралық тәжірибені салыстырмалы талдау жолымен Қазақстандағы жалжалды реттеудің балама тәсілдерді қолдану бойынша тиімді шараларды келтіру болып табылады. Осы зерттеу сотқа дейінгі өндірісіндегі медиация институтын қолданудың тиімділігін арттыруға және ұлттық заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Эмпирикалық базасы ретінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің статистикалық мәліметтері, азаматтық және қылмыстық іс материалдары қолданылды. Бұл мақалада 28 қаңтардың 2011 жылы қабылданған №401- IV «Медиация туралы» ҚР заңы, оған қоса 20 желтоқсанда 2018 жылы қабылданған «Біріккен Ұлттар Ұйымының медиация нәтижесінде қол жеткізілген халықаралық татуласу келісімдері туралы» Конвенциясы және шетелдердің ішкі заңнамасы қарастырылады. Жүргізілген зерттеудің нәтижесінде авторлар сотқа дейінгі өндірісіндегі дауды (жанжалды) реттеу тәсілдерін түсіндіре отырып әртүрлі жолдарын ұсынып, бұл Қазақстандағы сот жүйесіндегі қылмыстық және азаматтық іс материалдарын қозғалыс көлемін азайтуға мүмкіндік беруге және медиативтік рәсімді қолданудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.