АЛМАТЫ ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТАРЫ БОЙЫНША, КҮЗДІК БИДАЙ СОРТТАРЫНЫҢ ПИРЕНОФОРОЗ (PYRENOPHORA TRITICI-REPENTIS) АУРУЫНА ТӨЗІМДІЛІГІН АНЫҚТАУ

2025

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2025-3-3-32-43
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Пиренофороз (P. tritici-repentis) — бидай мен басқа да дақылдарда кездесетін саңырауқұлақ ауруы, ол бидайға өте қауіпті ауру болып табылады, себебі ол өсімдіктің өнімділігіне және сапасына кері әсер етуі мүмкін. Бұл аурудың белгілері бидайдың жапырақтарында қара дақтардың пайда болуымен байқалады, және эпифитотия жағдайында өсімдік өсуін тоқтатып, өнімділік күрт төмендеуі мүмкін. Қазақстанның оңтүстік (Алматы және Түркістан) облыстарының бидай егіс алқаптары бойынша пиренофороздың дамуы мен таралуына мониторинг жүргізіліп зерттелінді. Алматы облысы, егіс алқаптарында аурудың дамуы үлкен көлемде байқалды, залалдануы көрсеткіштері 3,70%-дан 41,70% аралығында болса, ал таралу индекісі 16%-дан 100%-ға дейін жетті. Сонымен қатар, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, бидай егіс алқаптары бойынша, (P. tritici-repentis) қоздырғышы бұл аймақтағы егіс алқаптарына айтарлықтай зиянын тигізгені анықталынды. Аурудың таралу деңгейі 28%-64% аралығында болды, ал даму қарқындылығы 1,40%-4,50%-ды құрады. Мониторинг зерттеулері көрсеткендей, күздік бидай сорттарының көпшілігі пиренофорозға төзімсіз екені анықталынды. Қорта айтқанда, Түркістан облысы, егіс алқаптарында егілген күздік бидай сорттарының басым бөлігі, пиренофороз ауруына орташа төзімсіздік танытты. Ал Алматы облысы, Қарасай ауданының күздік бидай сорттары ауруға жоғары төзімсіздік танытты. Сондай-ақ Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылы және Еңбекшіқазақ ауданы, Қойшыбек ауылдық округтерінің егіс алқаптарында егілген Стекловидная 24 (егістік-1) және Жетісу күздік бидай сорттары пиренофороз ауруына қарсы өте жоғары (IT-R, 0%) имундылық көрсетті. Бұл нәтижелер егіннің өсуінің жақсы екенін және ауруларға төзімділігін көрсетеді. Мониторинг нәтижелері бойынша, алынған мəліметтерді пиренофорозға төзімді болып анықталынған Стекловидная 24 (егістік-1) және Жетісу күздік бидай сорттарын селекция бағдарламасына пайдалану ұсынылады.