АНАЛИЗ СУЩЕСТВУЮЩИХ РЕШЕНИЙ И КОНСТРУКЦИЙ МОДУЛЬНЫХ ДРОНОВ

2025

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2025.t81.n3.05
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада модульдік ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) жасаудағы заманауи үрдістерге талдау ұсынылған. Зерттеу аппараттардың пайдалану тиімділігін арттыруға, пайдалану шығындарын азайтуға және қызмет ету мерзімін ұзартуға бағытталған. Дрондардың инновациялық әлеуетін айқындайтын үш негізгі бағыт қарастырылады: бионикалық дизайнды қолдану, аддитивті өндіріс және топологиялық оңтайландыру әдістері. Бионикалық принциптер дрондардың аэродинамикалық қасиеттері мен маневрлігін жақсартатыны, ал 3D-басып шығару жобалау икемділігін қамтамасыз етіп, прототиптерді жасауды жеделдететіні көрсетілген. Топологиялық оңтайландыруды қолдану дрон салмағын беріктігін жоғалтпай едәуір азайтуға мүмкіндік береді, бұл ұшу уақытын ұзартып, энергия тиімділігін арттырады. Модульдік архитектураның артықшылықтарына ерекше көңіл бөлінген. Мұндай тәсіл құрылғыны толық бөлшектемей-ақ жеке компоненттерді жедел ауыстыруға немесе жаңартуға мүмкіндік береді, бұл орнықты даму және тұйық экономика қағидаттарына сәйкес келеді. Модульдік тәсіл техникалық қызмет көрсету шығындарын ғана азайтып қоймай, дрондардың өмірлік циклін ұзарта отырып, электрондық қалдықтардың азаюына ықпал етеді. Сонымен қатар интерфейстерді стандарттау мен модульдердің үйлесімділігі жаңа технологияларды енгізуді жеңілдетеді, бұл сенсорлық жүйелер, аккумуляторлық технологиялар және жасанды интеллект салаларындағы жылдам прогресс жағдайында аса маңызды. Жұмыстың практикалық маңызы – модульдік дрондар ауыл шаруашылық алқаптарын мониторингілеуден және экологиялық бақылаудан бастап, өнеркәсіптік диагностика, логистика және төтенше жағдайларда зардап шеккендерді іздеуге дейінгі түрлі салаларда кеңінен қолданылады. Дрон конфигурациясын нақты міндеттерге жедел бейімдеу мүмкіндігі оның пайдалану тиімділігін арттырып, мұндай жүйелерді әмбебап әрі экономикалық тұрғыдан тиімді етеді. Осылайша, модульдік дрон конструкциялары үйлесімділікке, бейімделгіштікке және жүйелердің ұзақ мерзімді сенімділігіне бағытталған ҰҰА жобалауда жаңа стратегия қалыптастырады. Талдау нәтижелері бионикалық дизайнды, аддитивті технологияларды және топологиялық оңтайландыруды интеграциялау саласындағы әрі қарайғы зерттеулердің болашағы зор екенін айқындайды. Бұл жеңіл, энергия тиімді және экологиялық орнықты ұшқышсыз жүйелерді жасауға мүмкіндік береді.