Abstract
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНДАҒЫ ЕҢБЕКПЕН ТҮЗЕТУ ЛАГЕРЬЛЕР ТАРИХЫ (1930-1950 ЖЖ): АУЫЗША ДЕРЕКТЕР НЕГІЗІНДЕ Аңдатпа.Мақалада Ақмола облысы Зеренді ауданы аумағындағы ХХ ғасырдың 30-50-ші жылдарындағы түзеу-еңбек лагерлерінің тарихын зерттеу болып табылады.Өткен ғасырдың 30-50-ші жылдарында Ақмола облысы аумағы сталиндік лагерлер, депортация, саяси жер аударудың негізгі орындарының біріне айналғаны белгілі.Зұлматты жылдары Қазақстан аумағында Карлаг, Степлаг жүйелері кең тарағаны мəлім, олардың тарихы өзіндік зерттеу тарихына ие: аталмыш лагерьлер Тəуелсіздік жылдарынан бастап зерттеушілер, тарихшылар, өлкетанушылар тарапынан зерттелуде.Соңғы жылдары архив құжаттары құпиясыздандарылып, бұрын жабық болған тақырып бойынша жаңа тың деректер жарияланып, бұл оқиғаларға жаңаша көзқарас қалыптасуына өз септігін тигізді.Алайда, Ақмола облысы, соның ішінде ХХ ғасырдың 30-шы-50-ші жылдары Зеренді аумағында құрылған еңбекпен-тузеу лагерьлерінің желісі жайлы мəліметтер өте тапшы болатын.Атап айтқанда, бұл лагерьлер желісі орны нақты қай жерде орналасқаны, бұл лагерьлерде кімдер тұтқында болғаны жайлы мəліметтер осы күнге дейін белгісіз болатын.ҚР Президенті Қ-Ж.К.Тоқаевтың 2020 жылдың 24-ші қарашасындағы «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөнінде мемлекеттік комиссия құру» жөніндегі Жарлығынан кейін, Зеренді аумағындағы лагерьлерге далалық экспедициялар сериясы ұйымдастырылды.Ғылыми зерттеу барысында архивтік құжаттар (Ақмола облысы мемлекеттік архиві), ауызша-нарративті деректер, жəне далалық экспедиция барысында табылған деректер пайдаланылды.Кілт сөздер: Еңбекпен түзеу лагерлері; саяси қуғын-сүргін; Ақмола облысы; Зеренді ауданы; архив құжаттары; күшпен қоныстандыру; жер аудару; далалық экспедициялар; немістер; украиндар; зиялы қауым.release of the Decree of the President of the Republic of Kazakhstan K.-J.K. Tokayev dated