Abstract
Мақала қазіргі қазақ тіліндегі күрделі құрылымды сөйлемнің теориялық аспектісін жинақтайды. Мақсат – ғылыми пікір-пайымдауларға сүйене келіп, осы бағытта оң және соны көзқарас қалыптастыру. Зерттеу методологиясы да әлемдік және отандық ғылыми тұжырымдарға сүйеніледі. Мақала нәтижесінде орамды сөйлемнің негізгі түрлері туралы қағидат қалыптасады. Бұл тақырып қазақ тіліндегі синтаксистік парадигманың құзіретін тереңдетеді. Жеке сыңарлар байланысындағы ұсынымдар, мағыналық топтастырудағы жаңа көзқарас пен құрамдық-құрылымдық белгілерді сараптау өлшемдері негізделеді. Талдау-жинақтау барысында алынған нәтижелер қазіргі танымдағы күрделі құрылымды сөйлемдерге практикалық тұрғыдан басқаша қарауға әкеледі.