КАОЛИН НЕГІЗІНДЕГІ ЭНЕРГИЯНЫ ҮНЕМДЕЙТІН СИЛИКАТ КІРПІШІНІҢ ҚҰРАМЫН, ҚАСИЕТТЕРІН ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫН ЗЕРТТЕУ

2025

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.58805/kazutb.v.3.28-1072
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Зерттеу жұмысы жергілікті каолин негізіндегі шикізатты пайдалану арқылы силикат материалдарының физика-механикалық қасиеттерін жан-жақты талдауға бағытталған. Силикат кірпіштер байытылған және байытылмаған каолин, сөндірілген әктас және кварц құмының негізінде автоклавты өңдеу әдісі арқылы дайындалды. Автоклавты өңдеудің параметрлері 175-200 °C температурада және 0,8-1,4 МПа қысымда жүзеге асырылды. Бұл жағдайлар материалдың тығыз микроструктурасын қалыптастыруға ықпал етіп, оның беріктік және суға төзімділік қасиеттерін айтарлықтай жақсартты. Зерттеу нәтижелері каолинді қолдану кірпіштің физика-механикалық қасиеттерін айтарлықтай жақсартатынын көрсетті. Рентгенофазалық талдау кірпіштің құрамында кварц, муллит, анортит және магнетит сияқты жоғары тиімді фазалардың бар екенін анықтады, бұл материалдың құрылымдық тұтастығын және пайдалануға жарамдылығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, байытылған каолин қосылған материалдардың су сіңіру, буөткізгіштік және термофизикалық қасиеттері бойынша МЕМСТ талаптарына толық сәйкес келетіні анықталды. Құрамындағы фазалардың арақатынасы, соның ішінде кальций гидросиликаттары мен гидрогранаттардың түзілуі, автоклавты өңдеудің энергия үнемдеу тиімділігін арттырып, материалдардың сапасын қамтамасыз етті. Жалпы, зерттеу жұмысы жергілікті шикізат каолинді пайдалану арқылы энергия шығынын төмендетіп, жоғары сапалы құрылыс материалдарын өндірудің мүмкіндігін дәлелдеді. Бұл әдіс экономикалық тиімділігі мен экологиялық тұрақтылығымен ерекшеленеді, сонымен бірге өндірістік масштабта құрылыс индустриясында қолдануға лайықты шешім болып табылады.