Abstract
Мақалада креативті индустрия саладағы кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері қарастырылады. Креативті индустрия заманауи экономикалардағы тұрақты экономикалық өсудің маңызды саласына айналуда. Зерттеудің мақсаты – Қазақстандағы мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы тетіктерін талдау, институционалдық кедергілерді анықтау және шетелдік тәжірибені ескере отырып, реттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстарды қалыптастыру. Осы саладағы мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар ұсынылды. Жұмыста креативті индустрия салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары жинақталған, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Эстония және Ресейдегі халықаралық тәжірибеге салыстырмалы құқықтық талдау жасалған. Киноиндустрияны қолдауға бағытталған Қазақстанның қолданыстағы нормативтік құжаттарына ерекше назар аударылады. Қолданыстағы тәсілдердің жүйесіздігі, халықтың хабардарлығының төмендігі, цифрлық инфрақұрылымның әлсіздігі және мемлекеттік бағдарламалардың мерзімінен бұрын тоқтатылуы мәселелері анықталды. Талдау негізінде осы саладағы институционалдық, қаржылық және білім беру саясатын жетілдіру бойынша шаралар кешені ұсынылады. Мақала нормативтік дереккөздерге, ресми статистикалық мәліметтерге, сондай-ақ отандық және шетелдік зерттеушілердің ғылыми жарияланымдарына негізделген. Авторлар инфрақұрылымды, цифрландыруды және адами капиталды дамытуды қоса алғанда, креативті индустрия кәсіпкерлікті қолдауда бөлшектенген реттеуден стратегиялық жоспарлауға көшу қажеттігін атап көрсетеді.