METHOD OF DRYING FRUITS AND BERRIES UNDER EFFICIENT CONDITIONS USING GAS DRYING EQUIPMENT

2025

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.55956/ztfr4785
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Зерттеу жемістерді газды кептіру кезінде қыздыру температурасының дайын өнімдегі ылғалдың массалық үлесіне әсерін зерттейді. Газды кептіру –жыл бойына қажетті қоректік заттармен қамтамасыз ете алатын кептірілген жемістерді өндіруге мүмкіндік беретін өнімді сақтаудың перспективалы әдісі. Осы мақаладағы егжей-тегжейлі эксперименттер жемістерді кептірудің оңтайлы режимдерін орнатуға бағытталған. Тәжірибелерді талдау үшін Қазақстанда қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес стандартты әдістер қолданылды. Қазақстанның оңтүстігінде өсетін жемістер үшін конвективтік кептіру схемалары ұсынылды. Құрылған схемаларға сәйкес кептіру процесі кезіндегі қыздыру температурасы соңғы өнімге әсер ететінін көруге болады. Талдау көрсеткендей, қыздыру температурасының жоғарылауы кептіру уақытының қысқаруына әкеледі. Көрсетілген уақытта кептірілген өнімнің салыстырмалы массасының ең жоғары конверсия жылдамдығы анықталады. Сонымен қатар, ылғалдың максималды ұшпа жылдамдығына жаңа шикізаттың температурасы, мөлшері және құрылымы әсер ететіні анықталды. Негізгі сапа көрсеткіштеріне сенсорлық бағалау жүргізілді: дәм, түс, иіс және консистенция. Көрсеткіштердің оңтайлы сипаттамалары анықталды. 50–65 °C температурада экстракция жүргізілді. Көптеген тәжірибелердің нәтижелері газды кептіру параметрлерін ұсынудың қажеттілігін көрсетті.Өрік үшін газды кептіру температурасы –55-65°C, қара өрік үшін –60-65°C. Мұндай нәтижелер жемістер мен көкөністерді өңдеу технологиясында пайдалы болады.Тірек сөздер: газды кептіру, температура, жемістер, өрік, қара өрік, талдау.Дуисебаев,Ш.Е. Газды кептіру қондырғысымен тиімді жағдайда жеміс-жидектерді кептіру әдісі[Мәтін] / Ш.Е. Дуисебаев,М.И. Сатаев, А.М. Азимов, Ж.С. Аширбаев,Н.В. Алексеева, З.М. Шакирьянова// Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. –2025. –No3(89). –Б.71-81.https://doi.org/10.55956/ZTFR4785Кіріспе. Конвективті кептіру –тағамдық консервілеудің жетілдірілген әдістерінің бірі [1]. Кептіру кезеңінің ең жақсы нәтижелеріне көптеген эксперименттерді жүргізу арқылы қол жеткізіледі. Сондықтан ғылыми