ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ СӘУЛЕЛІК ДИАГНОСТИКАСЫНЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ (әдеби шолу)

2025

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26212/2227-1937.2025.43.46.004
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2030 жылы туберкулез эпидемиясын тоқтату мақсатында жыл сайын алдын алудың жаңа шараларын және емді жетілдірудің, осы патологияны диагностикалауды жақсартудың сызба нұсқаларын өңдеп отырады. Осы жұқпалы аурумен күресу стратегиясын жыл сайын қарастыру эпидемиологиялық көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік береді. Осының барлығына қарамастан өкпе туберкулезі әлемдегі қауіпті және маңызды әлеуметтік аурулар қатарында қалып отыр. Мамандығына қарамастан әрбір дәрігер өкпе туберкулезінің диагностикасының, емі мен алдын алудың қағидаттарын білуі керек. Ол науқаста уақытылы туберкулезді күдіктеніп, диагностиканы дұрыс жүргізіп, көрсеткіштер болса пациентті фтизиатрға жіберуі қажет. Өкпе туберкулезін анықтау аурушаңдық пайызын төмендетуге мүмкіндік беретін маңызды шара болып табылады. Өкпе туберкулезін диагностикалауға әртүрлі әдістер қолданылады: иммунологиялық, бактериологиялық және сәулелік. Неғұрлым жаппай қолданылатын, ақпаратты, бастысы инвазивті емес сәулелік диагностика әдісі болып табылады. Зерттеудің мақсаты. Өкпе туберкулезінің заманауи сәулелік диагностика әдістерін сипаттап, олардың диагностикалық мүмкіндіктерін бағалау. Материалдар мен әдістер. Зерттеу барысында цифрлық флюорография, рентгенография, компьютерлік томография (КТ), магнитті-резонансты томография (МРТ), ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ), радионуклидті зерттеулер және жасанды интеллектке негізделген жүйелердің мүмкіндіктері мен шектеулері талданды. Әдіснамалық тұрғыда ғылыми әдебиеттерге шолу жасау арқылы диагностикалық технологиялардың эволюциясы мен клиникалық тиімділігі сарапталды. Нәтижелер. Цифрлық флюорография бастапқы скринингтік әдіс ретінде өз маңыздылығын сақтап отыр, ал КТ — туберкулез процесінің морфологиясын, локализациясын және асқынуларын анықтауда аса құнды. МРТ мен радионуклидті әдістер кейбір диагностикалық жағдайларда қосымша мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жасанды интеллект жүйелері дәрігердің шешім қабылдау процесін жеңілдетуге көмектеседі. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы — туберкулезді ерте анықтау және оның асқынуларының алдын алуда сәулелік диагностика әдістерінің рөлі артып келе жатқанын көрсетуінде. Талқылау. Зерттеу көздерінде туберкулезді ерте анықтау және оның асқынуларының алдын алуда сәулелік диагностика әдістерінің бірнеше әдістері қарастырылады. Көп авторлардың пікірі бойынша рентгенография бағасы мен сапасының тиімді арақатынасына байланысты тыныс алу ағзаларының туберкулезін диагностикалаудағы негізгі, ең қолжетімді бастапқы сәулелік әдіс болып қала береді. Сондықтан негізгі әдіс ретінде цифрлық флюорография бірінші кезекте тағайындалатыны, ал қосымша әдістер ретінде компьютерлік томография, ультрадыбыстық зерттеу, магнитті резонансты томография және радионуклидті зерттеу ұсынылатыны негізделіп айтылатын болады. Қорытынды. Бүгінгі таңда ең жақсы нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндікберетін, атап айтқанда туберкулезді ерте сатысында анықтауға, адекватты химиотерапияны таңдауға, асқынуларды барынша азайта отырып, хирургиялық араласу тактикасын жоспарлауға, сондай-ақ басқа өкпе патологиясымен сапалы ажыратпалы диагностика жүргізуге мүмкіндік беретін өкпе туберкулезін сәулелік диагностикалау әдістерінің кең таңдауы бар. Қазіргі уақытта ересек адамдарда өкпе туберкулезін анықтауда цифрлық флюорография бірінші кезектегі әдісболып қала береді. Тереңірек және егжей-тегжейлі ақпаратты алу үшін компьютерлік томография өткізген жөн. Плеврадағы сұйықтықтың таралу деңгейін анықтау үшін ультрадыбыстық зерттеу жүргізуге болады. Кейбір жағдайларда ажыратпалы диагностика және патологиялық процестің динамикасын бағалау үшін магнитті-резонанстытомографияны және радионуклидті зерттеудің әртүрлі әдістерін қолданады.