ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНДАҒЫ ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТТЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

2025

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.52536/2788-5860.2025.86.3.003
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада «президенттік институт» ұғымы туралы теориялық ақпарат берілген, оның аналогы заң ғылымында жиі қолданылатын «президент институты» келтірілген. Екі ұғым да конституциялық-құқықтық мәнге жақын. «Президент институтының» түсіндірмесі «интегративті құқықтық институт ретінде мемлекеттік би-лік институттарының қызметін үйлестіруге бағытталған. Қазақстан-дағы президенттік институттың еліміздегі әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуына үлкен үлес қосып жатқаны зерделенеді. Еуропалық заң ғылымында «әлеуметтік мемлекет» деп аталатын терминінің мағынасы еліміздегі халықты әлеуметтік қамту және қолдау әрекеттерімен салыстырмалы сипатталған. Аталған терминнің ғылыми зерттеулері ежелгі дәуірден бастап Платон мен Аристотельдің еңбектерінде, Орта ғасырлар мен Ағарту дәуіріндегі, кеңес дәуіріндегі және қазіргі кезеңдегі эволюцияны бейнелейді. Шетелдік авторлардың зерттеулерінің нәтижелеріне, соның ішінде Д.Гарланд пен Мехмет Атилл Гүлердің ғылыми еңбектеріндегі әл-ауқат мемлекетінің функциялары мен принциптерінің кезең-кезеңімен қалыптасуын, ең алдымен азаматтардың құқықтарын қорғауға, мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек көрсетуге қол жеткізуді сипаттауына назар аударылады. Әлеуметтік мемлекеттің функциялары көбінесе жағымсыз проблемаларды тудыратыны, оның ішінде моральдық тәуекелдер, шамадан тыс бюрократия, өсіп келе жатқан шығындар және еңбек нарығының икемсіздігі аталады.