БИОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ПӘНДІК ЖӘНЕ ТҮЙІНДІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРДІ ДАМЫТУДА ТИІМДІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ

2025

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2025.78.3.033
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақалада биология пәні бойынша пәндік және түйінді құзыртеттіліктерді дамытуда тиімді әдістерді қолдану мәселелері қарастырылған. Биологиялық білім беруде қазіргі заманғы тәсілдердің маңыздылығы, оқушылардың пәндік білімдерін тереңдетуге және түйінді құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған әдістердің тиімділігі талданады. Авторлар зерттеу жұмысының өзектілігінің мақсатына сай әдістемелік нұсқау, оқу бағдарламалары мен жоспарларды басшылыққа ала отырып, ұғымдарды зерделеу ғылыми әдебиеттерге сүйеніп негізделген. Теориялық - әдіснамалық талқылауларды жалпылау, салыстыру және талдаулардың негізінде ғалымдардың еңбектері жүйеленіп талдау арқылы ұғымдарды анықтау барысындағы сыни көзқарастар талқыланып, ой тұжырымдалған. Құзыреттілікке негізделген білім беру тұжырымдамасын жасаған ғалымдардың еңбектері мен ой тұжырымдары әдіснамалық зерттеу бағыттарына сай жіктеліп, пәндік және түйінді құзыреттіліктердің ерекшелігі мен айырмашылыған анықтау барысында ғылыми әдебиеттерде берілген анықтамалар сараланып, талдау жасалған. Пәндік құзыреттілік терең ғылыми білім алуға бағытталса, түйінді құзыреттілік оқушылардың өмірлік және кәсіби дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Биология пәні бойынша пәндік құзыреттілікті дамыту мәселесі педагогика, әдістеме және биология ғылымдары саласында көптеген ғалымдардың зерттеу нысанына айналып, оны дамыту мәселелері кеңінен қарастырылған әдістемелерін саралай келе, эксперимент барысында пәндік және құзыреттілік дамыту әдістерін жеке қарастырып, білім берудің жаңартылған мазмұнына сай оқытудың замануи әдістерін ұсынған. Бұл әдістер оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, олардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік береді, сонымен қатар, өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыру, ғылыми тұрғыдан ойлау және практикалық есептерді шешу қабілеттерін арттыру мақсатында қолданылатын тәсілдерге ерекше назар аударылады. Зерттеу методологиясында алынған сауалнама нәтижесіне сандық және сапалық талдау жасалынып, пайыздық көрсеткіштер арқылы нәтижелері талданып, ой қорытынды жасалған. Мақалада авторлар биология пәнін оқытуда заманауи тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеруге, олардың болашақта ғылыми зерттеулер жүргізуге дайындығын арттыруға болатындығын атап өтеді. Мақала білім беру саласындағы мамандарға, мұғалімдерге және зерттеушілерге пайдалы ақпарат пен әдістемелік ұсыныстарды ұсынады.