PYTHON ТІЛІН ОҚЫТУДА ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ДАЯРЛЫҒЫН АРТТЫРУ: ГЕЙМИФИКАЦИЯ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЛАТФОРМАЛАРЫ

2025

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2025.78.3.026
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада Х. Досмұхамедов атындағы университеттің информатика мамандығының студенттерін программалау дағдыларына үйрету үшін геймификация технологияларын қолдану тәжірибесі жан-жақты талданады. Авторлар білім алушылардың оқу мотивациясын арттыру және оқу материалын игеру сапасын жақсарту мақсатында Python программалау тілін меңгертуде геймификация және жасанды интеллект элементтерін пайдаланып, арнайы квест ойындарын әзірлеген. Бұл ойындар студенттердің аналитикалық ойлауын, мәселелерді шешу қабілетін және командалық жұмысқа деген бейімділігін дамытуға ықпал еткен. Мақалада квест ойындарының құрылымдық ерекшеліктері, оларды оқыту үдерісіне енгізу әдістері және студенттердің белсенділігін арттырудағы рөлі егжей-тегжейлі баяндалады. Зерттеу нәтижелері геймификацияның программалау тілін үйретуде тиімді әдіс екенін дәлелдеді. Квест ойындары арқылы студенттердің Python-ның негізгі тақырыптарын меңгеру жылдамдығы мен сапасы артқаны байқалды, оларда кодтау, қателерді түзету, логикалық ойлау және проблемаларды шешу дағдылары айтарлықтай жақсарған. Авторлар ұсынған әдістеме оқу тиімділігін жоғарылатуға ғана емес, сондай-ақ білім беру үдерісіне жаңа инновациялық тәсілдерді енгізуге негіз бола алады. Бұл тәжірибе әмбебап сипатқа ие болғандықтан, басқа оқу орындарына да бейімделіп, қолданылуға болады. Мақала білім беру саласындағы инновацияларды дамытуға бағытталған құнды материал ретінде ұсынылады.