ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ КӘСІБИ-ҚОЛДАНБАЛЫ ФИЗИКАЛЫҚ ДАЯРЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ

2025

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2025.78.3.011
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақалада студенттердің кәсіби-қолданбалы физикалық даярлық мәселесі қарастырылады. Кәсіби-қолданбалы физикалық даярлық қазіргі заманғы дене тәрбиесі жүйесінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады және болашақ маманның кәсіби қызметіне қажетті дене, психологиялық және арнайы қасиеттерді, білім мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталады. Зерттеудің негізгі мақсаты – педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері, яғни болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби қолданбалы дене шынықтыру дайындығының ерекшеліктері мен сипатын анықтау.Мақсатқа жету үшін теориялық және эмпирикалық әдістер қолданылды: педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалды, педагогикалық тәжірибе жалпыланып, анықтау эксперименті жүргізілді. Анықтау эксперименті Алматы қаласындағы Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті мен Е.Түркебаев атындағы жобаларды басқару институтының 1 курс студенттері арасында сауалнама түрінде өткізілді. Бұл эксперимент студенттердің кәсіби бағытталған физикалық даярлығының деңгейін, дене тәрбиесіне деген мотивациясын, өмір салты мен спортқа қатысу белсенділігін бағалауға мүмкіндік берді.Зерттеу нәтижелері қазіргі уақытта жоғары оқу орындарында дене шынықтыруды ұйымдастыру жүйесі үнемі жетілдіріліп жатқанына қарамастан, студенттердің кәсіби қолданбалы дайындығы әлі де жеткілікті деңгейде қалыптаспағанын көрсетті. Алайда, дене шынықтыру мен спорттың теориялық және практикалық құралдарын тиімді үйлестіру арқылы студенттердің физикалық дайындығы мен кәсіби маңызды жеке қасиеттерін кешенді дамытуға қол жеткізуге болады. Бұл бағытта қолданбалы спорт түрлері, туризм элементтері және жеке бағытталған дене тәрбиесі құралдары ерекше маңызға ие.