ЦИФРЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫ ҚОЛДАНУ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

2025

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2025.78.3.039
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақалада цифрлық ресурстардың білім беру процесіне әсері қарастырылып, олардың оқушылардың ақпараттық-технологиялық құзыреттерінқалыптастырудағы рөлі зерттелген. Қазіргі заманғы білім беру жүйесінде цифрлық құралдарды қолдану оқушылардың аналитикалық және практикалық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді. Цифрлық ресурстар оқыту үдерісін интерактивті етіп, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, сонымен қатар олардың өз бетімен іздену және зерттеу қабілеттерін дамытады.Зерттеудің негізгі мақсаты – цифрлық ресурстардың білім сапасына ықпалын талдау және оларды қолданудың тиімді әдістерін анықтау. Зерттеу барысында сауалнама, бақылау және сұхбат әдістері қолданылды. Деректер жалпы білім беретін мектептердегі физика сабағында цифрлық ресурстарды пайдалану тәжірибесін зерттеу арқылы жинақталды. Алынған нәтижелер цифрлық ресурстардың оқушылардың пәнді меңгеру деңгейін арттыруға және олардың ақпараттық-технологиялық құзыреттерінің қалыптасуынаоң әсер ететінін көрсетті.Зерттеу барысында цифрлық ресурстарды қолданудың бірнеше артықшылықтары анықталды: оқушылардың белсенділігін арттыру, күрделі тақырыптарды көрнекі түрде түсіндіру, өздік жұмысқа бейімдеу және ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар, цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану мұғалімдерге оқытуды дербестендіруге және әр оқушының жеке қажеттіліктерін ескеруге мүмкіндік береді.Зерттеу нәтижелері білім беру үдерісінде цифрлық ресурстарды кеңінен қолданудың маңыздылығын дәлелдейді. Сонымен қатар, зерттеу жұмысы осы ресурстарды тиімді пайдалану әдістері мен бағыттарын айқындауға көмектеседі. Цифрлық құралдарды білім беру жүйесіне енгізу – оқыту сапасын жақсартумен қатар білім алушылардың ақпараттық-технологиялық құзыреттерін қалыптастырудың маңызды қадамы болып табылады.