МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЗАТТЫҚ-ДАМЫТУШЫ ОРТАСЫН ҚҰРУДАҒЫ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ДАЯРЛЫҒЫ

2025

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2025.78.3.036
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада мектепке дейінгі ұйымдардағы заттық-дамытушы ортаны құрудағы болашақ педагогтердің кәсіби даярлығын арттыру мәселелері жан-жақты талқыланған. Бұл зерттеу қазіргі педагогика ғылымы мен тәжірибесінде маңызды орын алады, себебі заттық-дамытушы орта балалардың физикалық, когнитивті, әлеуметтік және эмоционалдық дамуына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады. Авторлар зерттеуде заманауи әдіс-тәсілдерді қолданудың маңыздылығын атап өтіп, балалардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасаудың әдістемелік негіздерін ұсынады.Зерттеу барысында С.Л.Новоселованың «Мектепке дейінгі ұйымдардағы заттық-дамытушы ортаны жобалау» әдістемесі мен Г.Н.Пантелееваның «Кәсіби құзыреттілікті дамытуға арналған заттық-дамытушы орта» әдістемелері қолданылған. Бұл әдістемелер болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін, оның ішінде жобалау, талдау, шығармашылық және басқарушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, зерттеу барысында педагогтердің оқыту процесінде инновациялық технологияларды қолдану мүмкіндіктері қарастырылды.Тәжірибелік бөлімде бақылау және эксперименттік топтардың нәтижелері салыстырылып, эксперименттік әдістемелердің тиімділігі дәлелденді. Эксперименттік жұмыс барысында болашақ педагогтер заттық-дамытушы ортаны тиімді ұйымдастыру дағдыларын игеріп, оларды білім беру процесінде табысты қолдана білді. Зерттеу көрсеткіштері педагогтердің кәсіби даярлығының жаңа әдістерін қолдану арқылы айтарлықтай жақсарғанын көрсетті. Авторлар педагогикалық құзыреттілікті дамыту бойынша практикалық ұсыныстар жасап, зерттеу нәтижелерінің мектепке дейінгі білім беру саласындағы сапаны арттыруға қосқан үлесін атап өтеді. Сонымен қатар, мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда оқыту ортасын жетілдіруге бағытталған әдістемелік ұсыныстар мен стратегиялар қарастырылған, бұл педагогтердің кәсіби өсуіне және балалардың жан-жақты дамуына ықпал етеді.