Abstract
Жайық өзеніндегі көксерке балықтарының негізгі биологиялық көрсеткіштері зерттелінді. Қыс мерзімі аяқталған соң көксеркелер (+5...+10 0С) белсенді қыймылдарға көшеді, азықтану көрсеткіші жоғарлайды, ересектері көбею процесстеріне кіріседі. Зерттеулер барысында ауланған балықтардың меристикалық және пластикалық белгілері анықталынды, олардың сандарының көлемдері: бұйір сызықтары (10,0-16,0), екінші арқа қанаттарының талшықтары (19,0-23,0), анальды қанатының талшықтары (12,0-17,0). Кәзіргі кездегі Жайық өзеніндегі көксерке шабақтарының өсулері қарқынды: 1+ жылдықтардың орташа салмағы 237,6 г, ұзындықтары 27,2 см болды, сол сыяқты 3+ жаста 698,7 г және 36,8 см. Олардың салмақ қосу деңгейлеріде жоғары: 1+ мен 4+ жастағылар салыстырғанда 6,63 есеге жетті. Көксерке шабақтарының өсуі азықтық құрамдық спектрлеріне байланысты, олардың рациондарында нектобентостардан – мизидтер, бентостардан - хирономид личинкалары, ал ересектерінде (2+3+) азық кесегінде - үкі шабақтары және нектобентостар, 4+...5+ жастағыларда - үкі шабақтары (32,84%), қылыш-балықтар (11,97%), алабұғалар (6,23%), тырандар (4,62%). Көксерке аналықтары алғаш рет ақшыл сарғыш түсті уылдырықты 3+ жастарында аз мөлшерде (80-110 мыңдай) шашады, ересектері (4+...7+) түрге тән көлемде шашты (450-550 мың). Уылдырықтарының диаметрлері 1,1-1,2 мм, салмақтары 2,0-3,0 мг. Көксерке аталықтарының алғаш рет шәуеттерді шашулары 4+ жастан басталды.