Географиялық білім беруде өскелең ұрпақты ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу ерекшеліктері

2025

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2025ped3/243-253
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада географиялық білім беруде халықтың төл белгісі саналатын құндылықтарды ескере отырып, тәрбие мен білім беруді тәжірибеге енгізудің қажеттілігі, халық педагогикасының тәрбиеде алатын орны мен маңыздылығын болашақ мұғалімдерге үйрету, мектептің оқу-тәрбие процесінде пайдалануына, болашақ мұғалімдерге география пәні арқылы этнопедагогикалық білім бере отырып, келешек ұрпақтың бойына ұлттық тәрбие, ұлттық сана-сезім қалыптастырып, ұлтжанды азамат тәрбиелеп шығаруға даярлаудың кажеттілігі туып отырғанын қарастыру. Халық тәрбиесінің ең негізгі мақсаты мен міндеті, жан–жақты жетілген азамат тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарымыз арқылы балаға ақыл–ой, адамгершілік, әсемдік, денсаулық, еңбек тәрбиелерін беру, мінез–құлық дағдыларын қалыптастыру. Географиялық білім — адамның қоршаған ортаны танып, үйренумен негізделеді. Осы орайда адамзат тіршілігі үшін ең маңызды табиғат құбылысы — ауа райын болжау. Ауа райын болжау барлық халықта өз дәстүріне негізделген. Бірақ, ғылыми астары бір-біріне ұқсас келеді. Қазақ халқының ауа райын болжауы атадан балаға мұра ретінде қазіргі уақытқа дейін бағаланып келе жатқан дәстүрдің бірі. Бұл, өзіндік ерекшелігі мен тәрбиелік мәні зор дәстүрдің бірі және тәрбие құралы деп санауға болады. Жастардың әлемдік мәдениетті танып-білуі және халықтың ұлттық дәстүрлеріне, мәдениетіне, ұлттық-этникалық ғұрыптарға, салт-дәстүрлерге сүйене отырып тәрбиелеу педагогикалық процесті жобалауға және ұйымдастыруға этнопедагогикалық тұрғыдан келуді жүзеге асырудың шарты болып табылатындығы қарастырылған. Ұлттық педагогика — бір ұлттың тілі, дәстүрі, салт-санасы мен тарихы, мәдениеті арқылы ұлттық бірегейлікті қалаптыстырушы. Осы құндылықтарды сақтап қалу, оны дамыту қоғамның тұрақтылығы мен келешегі үшін маңыздылығын мақалада қарастырамыз