ӨСІМДІК ГЕНОМЫН ӨҢДЕУГЕ АРНАЛҒАН ВИРУСТЫҚ ВЕКТОРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН CRISPR/CAS

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/bb202510326
Data confidence 85 high
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

CRISPR-Cas9 көмегімен геномдық редакциялау қазіргі биотехнологияда әртүрлі организмдердің геномдық тізбегін дәл өзгертуге мүмкіндік беретін қуатты құралға айналды. CRISPR-Cas9 өсімдік биологиясында технология ерекше маңызға ие, өйткені ол дақылдарды жақсарту және қажетті қасиеттері бар жаңа сорттарды дамыту мақсатында өсімдік геномдарын тиімді өзгертуге мүмкіндік береді. Зерттеудің мақсаты – өсімдік геномын өңдеу үшін вирустық векторға негізделген CRISPR/CAS генетикалық жүйесін әзірлеу. Вирустық векторларға негізделген өсімдіктерде CRISPR-Cas9 геномдық өңдеуді енгізу дақылдарды жақсарту және ауруларға төзімділік, климаттық өзгерістер және өсімдіктердің тағамдық қасиеттері мәселелерін шешу үшін айтарлықтай мүмкіндіктерін ұсынады. Өсімдіктерде Cas9 өтпелі экспрессиясын алу үшін өсімдік ұлпасында экспрессиясы үшін 35s промоторы бар оңтайландырылған жүгері кодоны бар spCas9 бар нуклеазасы бар pKSE401 плазмидасы қолданылады. PDS геніне арналған бағыттаушы РНҚ дизайны CRISPR-P-2.0 және CRISPOR бағдарламаларында жасалды. Анықтамалық гендерді алу үшін Sol Genomics Network (SGN) базасы пайдаланылды және Blast-Nucleotide көмегімен туралау арқылы реттілік валидациясы жүргізілді. РНҚ бағыттаушылары GoldenGate клондау әдісімен плазмидаға "тігілген". Nicotiana benthamiana L. өсімдіктеріндегі вирустық вектордағы Cas9 экспрессиясына талдау жасалды. Өсімдіктер геномын редакциялау үшін CRISPR-Cas9 жүйесін және вирустық векторларды пайдалануға негізделген жұмыстың нәтижелері Қазақстан мен әлемдегі белгілі аналогтармен салыстырғанда жоғары бәсекеге қабілеттілікке ие. Жасалған тәсіл дәстүрлі өсіру әдістері мен басқа геномды өңдеу технологияларынан асып түсетін өсімдік геномдарына өзгерістер енгізудің дәлдігін, тиімділігін және икемділігін қамтамасыз етеді.