Түріктердің Константинопольді алуының саяси, тарихи жәнеөркениеттік маңызы (Батыс деректері бойынша)

Gumilyov Journal of History, 2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/3080-129x-2025-152-3-7-28
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Адамзат тарихында көптеген әлемдік деңгейдегі аса ірі саяси процестер мен ірі өркениеттердің орнын ауыстыратын тарихи оқиғалар болып өткен. Осындай оқиғалардың бірі – ортағасырлық Батыс пен Шығыстың қақпасы саналған Константинопольдің 1453 жылы османдар тарапынан алынуы мен Византия империясының құлауы болды. Константинополь қаласының алынуы 1453 жылы 6 сәуірде басталып, 29 мамырда қаланы осман әскерінің басып алуымен аяқталды. Константинопольдің алынуы Шығыс Рим империясының құлауын және бүкіл бір мәдениет пен өркениеттер тарихының аяқталған кезеңін көрсетіп берді. Сондықтан, бұл тақырып әрқашан да өзекті болып саналады. 1453 жылы 29 мамырда әлемдік мәдениет пен өркениеттің ірі ошағы саналған Византия астанасы Константинопольдің осман сұлтаны II Мехмет тарапынан алынуы осы географияда жаңа бір тарихи кезеңнің басталғанын көрсетті. Қаланың алынуы негізінен әскери соғыстың нәтижесінде орын алғанымен, оның тарихи және өркениеттік маңызы өте терең еді. Ұзақ жылдар бойы тарих ғылымында Константинопольдің алынуы мен Византияның құлауы бойынша әр түрлі теориялар мен ғылыми тұжырымдамалар қалыптасты. Оның ең негізгілерінің бірі – "түріктердің қаланы асқан жауыздықпен қиратуы және мыңдаған жылдар бойына дамыған византиялық мәдениет пен өркениетті жойып жіберуімен" сипатталды. Қаланы алудағы түріктердің әрекеттері варварлық сипатта болды деген тұжырым басым. Мұндай тұжырымдама ғылымда ұзақ жылдар бойы қолданылып келді. Дегенмен, қазіргі кезеңде тарих ғылымында еніп жатқан жаңа тұжырымдамалар мен теориялар мұндай біржақты көзқарастар мен ұстанымдардан арылып, шынайы тарихтың жазылуына арқау болуда. Қазіргі кезде жаңа зерттеулер түріктердің Константинопольді алуы мен Византия империясының құлауы қарсаңында түріктер мен византиялық билеушілер арасында өзара байланыс болғанын көрсетуде және оның себептері әр түрлі факторлармен түсіндіруде. Оның маңызды бір себебі, түріктер Византияны сан мәрте сыртқы күштерден қорғаған. Батыс тарихшылары түріктер Константинопольді алғанымен, ол Византияның құрамында болған Христиан халықтарын сыртқы күштерден қорғаушы ретінде сипатталған. Мақалада, батыс деректерінің негізінде түріктердің Константинопольді алуының саяси, тарихи, мәдени және өркениеттік маңызы қарастырылады. Византияның құлауының алғышарттары мен себептері және барысы мен нәтижелері мәдени тұрғыдан зерттеледі. Ортағасырлық еуропалық хронистер мен гуманистердің еңбектерінде қаланың құлауы мен Византияның тағдыры туралы құнды тарихи мәліметтер сақталған. Сол замандағы еуропалық тарихшылар мен осы мәселемен айналысушы ғалымдардың тұжырымдарына жаңадан ғылыми талдау жасалады және соның негізінде тақырыптың тарихи, мәдени, өркениеттік мазмұны ашылатын болады.