МЕМЛЕКЕТТІҢ САЯСИ ЖАҢАРУЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ҒЫЛЫМИ ТАЛДАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

2025

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/1728-550x.2025.81.2.001
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада Мемлекеттің дамуында, саяси институттардың қалыптасу негізінде қоғамдық ойдың модернизациялану мәселелеріне саяси салыстырмалы талдау жасауға ұсыныстар берілген. Мемлекеттің демократиялық жолмен дамуына, теориялық тұрғыда жаңа пайымдаулар жасалынған. Зерттеу Қазақстан Республикасының ғасырларға тән сан-салалы саяси өзгерістерді басынан кешіргендігі, дүние жүзіне өзімізді бейбітшілік сүйгіш халық, өркениеттісаясаты бар ел ретінде танытып үлгердік. Алайда «өзгеге таныту үшін өзімізді тану қажеттілігі» анықталды. Саяси тарихымыздың өткен ғасырдың басындағы маңызды оқиғаларының саяси сабақтарына көңіл қойып, зерделеу саяси прагматизм мақсаттарынан туындап отыр. Егеменді Мемлекеттің қалыптасуына күрестің көшбасында халқының ақыл-айнасы, жанашыр саяси тұлғалар болғаны, ұлтымыздың таңдаулы қайраткерлері тұрды. Алайда, олардың еңбектері мен есімдері тарихтан күштеп өшірілгенімен де, тоталитарлық саяси режим олардың өз халқына деген жанпида қызметімен ерекшеленген азаматтық бейнелерін санамыздан өшіре алған жоқ. Саяси билікті модернизациялауда ұлттық интелегенция мұрасы өткен мен болашақтың саяси көпірі. Олардың тұлғалық мұратын ақиқатын бағалаудың өзі, саяси болжам жасауға салыстырып зерттеуге негіз болады.Зерттеу барысында мемлекеттік басқару жүйесініңреформалары, экономикалық саясаттың трансформациясы, әлеуметтік модернизация және технологиялық даму стратегиялары сияқты маңызды аспектілергеерекше назар аударылады. Мемлекеттің модернизациялық саясатының табысты және өзекті тұстары анықталып, олардың қазіргізаманғы сын-қатерлерге бейімделу қабілеті саяси талданады.