Abstract
Ғылыми-шаруашылық тәжірибелерді жүргізу барысында сауын сиырларға құрғақ ұсақталған жемшөп қоспаларын беру кезінде рациондағы қоректік заттардың қорытылуы артады. Клетчаткасы аз топтарда, толыққұнды құрғақ, ұсақталған жемшөп қоспаларын пайдалану кезінде ең жоғары қорытылу коэффициенттері болды. Құрғақ ұнтақталған жемшөп қоспасы мен премикспен азықтандыру сүттің майлылығына оң әсер етті, ол орташа есеппен 0,06% - ға өсті. Мочевина мөлшері нормадан жоғары болғанымен, тәжірибелік топта ол 9,6 мг/% - ға төмендеді, бұл месқарын микрофлорасының белсенді жұмысын көрсетеді. Рацион құрамына құрғақ ұнтақталған жемшөп қоспасын алған сиырларда сүттің азаюы басқа топтарға қарағанда айтарлықтай байқалмады. I топтағы айырмашылық 1,47 кг немесе 5,3% - ға, ал II топтағы айырмашылық 1,1 кг-ға немесе III топтың пайдасына 5,7% - ға өсті. Жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, құрғақ ұсақталған жемшөп қоспаларын дайындау үшін сүтті-балауызды пісу кезеңінде дәнді дақылдарды пайдалану дәннің толық пісіп-жетілуімен салыстырғанда 1 гектардан энергетикалық азық өлшемін 40% - ға және 2 есе артық қорытылатын протеинді жинауға мүмкіндік беретінін көрсетті. Өнім өндіруге кеткен жемшөп шығындарын азайтады және сүт өндірудің тиімділігін арттырады.