КЕРБҰЛАҚ ШАТҚАЛЫНДА ӨСЕТІН TAMARIXL.ТУЫСЫНЫҢ КЕЙБІР ТҮРЛЕРІНІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/3005-6217.2025.84.2.006
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Тамарикс туысына ыстық климатқа бейімделген жетпіс ке жуық түр кіреді. Tamarix туысы Жерорта теңізінен шыққан және табиғатта түрлері Францияның солтүстік-батысынан Қытайдың солтүстік-шығысқа дейін таралған. Сонымен қатар, негізгі таралудан басқа да оқшауланған Африканың әртүрлі бөліктерінде таралған бірнеше түрлер бар. Жалпы, Tamarix туысы өкілдері ыстық, құрғақ жағдайларға өсуге бейімделген, ылғалды топырақта да өседі, сонымен қатар ұзақ су басу және топырақтың қатты тұздануына төтеп бере алады. Негізінен Tamarix туысы өкілдері құмды немесе сазды топырақта жақсы өседі, суда еритін тұздарды дифференциалды түрде жинақтауға және босатуға қабілетті кринохалофиттердің керемет өкілдері болып табылады. Сондықтан бұл өсімдік түрлері топырақтың тұздануымен күресу, эрозияны болдырмау және табиғи экожүйелерді тұрақтандыруда маңызды рөл атқарады. Құрғақ өсу жағдайлары, бірақ ұзақ су тасқынына төтеп бере алады және топырақты тұзданудан сақтайды. Аймақтың құрғақ және тұзды топырақтарының әсерінен, бұл өсімдіктердің экстремалды экологиялық жағдайларға бейімделу ерекшеліктерін зерттеу қажет. Бұл өсімдіктердің микроскопиялық құрылымын зерттеу олардың физиологиялық бейімделу механизмдерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Мұндай зерттеулер өсімдіктердің қоршаған орта факторларына жауап беру механизмдерін анықтап қана қоймай, оларды болашақта экологиялық және агрономиялық мақсатта тиімді пайдалану ға жол ашады. Мақалада зерттеу жұмысында жарық және электронды микроскопия әдістерін қолдану арқылы Кербұлақ шатқалында өсетін Tamarix L. туысы түрлерінің жапырақ, сабақ және тамыр ұлпаларының морфологиялық ерекшеліктері зерттеліп, олардың экологиялық бейімделу механизмдері анықталды. Алынған нәтижелер Tamarix L. өсімдіктерінің қоршаған ортаға бейімделуін тереңірек түсінуге және оларды табиғатты қорғау, шөлейттену мен топырақтың тұздануымен күрес салаларында тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл мәліметтер өсімдіктердің селекциясы мен биоинженерия салаларында жаңа мүмкіндіктер ашуға ықпал етеді.