БАТЫС ЖӘНЕ ИСЛАМ ФЕМИНИЗМІ АРАСЫНДАҒЫ КОНТРАСТ

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jpcp20259225
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақала феминистік ойдың екі негізгі бағыты батыс және ислам феминизмін салыстырмалы теориялық және әдіснамалық талдауға арналған. Бұл парадигмалар гендерлік әділеттілікке қол жеткізудің ортақ мақсатына қарамастан, әртүрлі мәдени, діни және философиялық алғышарттар негізінде қалыптасады. Батыс феминизмі зайырлы-гуманистік және либералды-демократиялық дәстүр шеңберінде қалыптасып, бірінші толқындағы сайлау құқығы үшін күрестен бастап, қазіргі цифрлық белсенділікке дейінгі ауқымды «толқындар» арқылы дамыған. Бұл бағыт патриархалды құрылымдарды сынаумен қатар, жыныстық, әлеуметтік және құқықтық теңдік үшін заңнамалық өзгертулерге басымдық береді. Ислам феминизмі діндегі патриархалды түсіндірмелерін қайта қарастыру арқылы әйелдердің теологиялық және құқықтық парадигмасын қайта құруға ұмтылады. Мақалада әр бағыттың теориялық негіздерін, субъективтілік концепцияларын, сондай-ақ әдістемелік құралдарын салыстыруға назар аударылады. Зерттеу заманауи дереккөздерге сүйеніп, екі феминистік парадигма арасында өзара диалог құруға теориялық негіз ұсынады. Ғылыми жұмыстың мақсаты – батыс пен ислам феминизмі арасындағы қарама-қайшылықтарға теориялық және әдіснамалық талдау жасау. Зерттеу барысында феминизмнің жаһандық феномен ретіндегі гетерогенді табиғаты анықталып, оның зайырлы либералдық және діни теологиялық парадигмаларының айырмашылықтары мен ұқсастықтары сараланды. Зерттеу аясында батыстық феминизмнің үш негізгі «толқыны» мен қазіргі «төртінші толқын» цифрлық белсенділігі сипатталды, сонымен қатар, ислам контекстіндегі феминизмнің отаршылдық нарративтер мен классикалық құқықтық интерпретацияларға реакциясы көрсетілді. Мақала негізінен әдебиетке шолу, теориялық синтез және салыстырмалы талдау әдістерін біріктіретін кешенді тәсіл қолданылды. Теориялық синтез барысында феминистік эпистемология мен мәдени-гуманитарлық дискурс талдау пайдаланылды. Салыстырмалы талдау нәтижесінде еркіндік пен автономия тұжырымдамасының әртүрлі түсіндірілуі, сондай-ақ патриархатты сынау мен әйелдердің құқықтарын қорғау идеяларының ортақ қағидалары айқындалды. Мақаланың негізгі тұжырымы – батыстық және ислам феминизмі бірін-бірі жоққа шығаратын қарсы бағыттар емес, керісінше, бірін-бірі толықтыра алатын, жаһандық әлеуметтік дискурста өзара сұқбат пен ынтымақтастыққа қабілетті феминистік ойлаудың әртүрлі формалары. Кілт сөздер: феминизм, гендерлік теңдік, батыс феминизмі, ислам феминизмі, салыстырмалы талдау, интерсекция, әйел, агенттік