ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ БАСҚАРУДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ПАЙДАЛАНУ: ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕ

2025

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5894.2025.90.2.017
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Қазіргі жоғары білім беру жүйесі бір қатар маңызды сын-тегеуріндерге тап болуда. Олардың қатарына білім беру сапасын арттыру, үлкен көлемдегі деректерді тиімді басқару, студенттердің оқу траекторияларын дербестендіру және білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету жатады. Бұл мәселелерді шешу үшін жасанды интеллект (ЖИ) технологиялары кеңінен қолданылуда. ЖИ білім беру процестерін автоматтандыру, студенттердің үлгерімін болжау, оқыту сапасын бағалау және басқарушылық шешімдер қабылдау үдерістерін қолдау сияқты бірқатар мүмкіндіктерді ұсынады. Осы шолу мақалада ЖИ-ді жоғары білім беру саласындағы басқарушылық тәжірибеде қолдануға қатысты заманауи ғылыми зерттеулер қарастырылып, олардың негізгі бағыттары мен нәтижелері талданады. Сонымен қатар, әлемдік тәжірибе мысалдары мен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарында ЖИ-ді енгізу практикасына ерекше назар аударылған. Жұмыстың мақсаты жоғары білім берудегі басқару үдерістерін жетілдіруде ЖИ технологияларының әлеуетін жан-жақты бағалау.