Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттырудағы этнохимиялық тәсілдердің маңыздылығы

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2025-2-34-48
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада мектепте химия пәнін оқытуда этнохимиялық тәсілдерді пайдаланудың маңыздылығы және олардың оқушылардың пәнге қызығушылығы мен үлгеріміне әсері қаралады. Этнохимия - химиялық білімді ұлттық және мәдени контекстпен байланыстыратын ғылым саласы. Мұндай тәсіл оқушыларға химиялық құбылыстарды күнделікті өмірмен байланыстыруға мүмкіндік береді және олардың ғылыми ойлау дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Зерттеу Қызылорда облысының жоғары сынып оқушылары арасында квази-эксперименталды әдіспен жүргізілді. Этнохимиялық эксперименттердің көмегімен оқушылар өздерінің теориялық білімдерін практикалық мысалдармен біріктіріп, химияны өмірде қолдануды терең түсінді. Мысалы, күрішті өңдеу процесінде ферменттеу әдістері, Арал теңізінен тұзды суды булау жолымен кристалдану процестері, мұнайды фракциялық айдау әдістері және бейорганикалық тұздардың ерігіштігін зерттеу сияқты дәстүрлі әдістер пайдаланылды. Нәтижелер көрсеткендей, этнохимиялық тәсілдерді пайдалану оқушыларға пәнге қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың ғылыми зерттеулерге деген ынтасын да арттырды. Бұл әдіс оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ғылыми ойлау дағдыларын жетілдіруге және олардың ұлттық мәдени мұраны құрметтеуін нығайтуға ықпал етті. Білім беру процесіне этнохимияны енгізу қазіргі заманғы білім беру жүйесінде инновациялық құрал болып танылды және оқушылардың химия пәніне қатынасын оңтайландырудың тиімді тәсілі болып саналады. Зерттеу Қызылорда облысының жоғары сынып оқушылары арасында квази-эксперименталды әдіспен жүргізілді. Этнохимиялық эксперименттердің көмегімен оқушылар өздерінің теориялық білімдерін практикалық мысалдармен біріктіріп, химияны өмірде қолдануды терең түсінді. Мысалы, күрішті өңдеу процесінде ферменттеу әдістері, Арал теңізінен тұзды суды булау жолымен кристалдану процестері, мұнайды фракциялық айдау әдістері және бейорганикалық тұздардың ерігіштігін зерттеу сияқты дәстүрлі әдістер пайдаланылды. Нәтижелер көрсеткендей, этнохимиялық тәсілдерді пайдалану оқушыларға пәнге қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың ғылыми зерттеулерге деген ынтасын да арттырды. Бұл әдіс оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ғылыми ойлау дағдыларын жетілдіруге және олардың ұлттық мәдени мұраны құрметтеуін нығайтуға ықпал етті. Білім беру процесіне этнохимияны енгізу қазіргі заманғы білім беру жүйесінде инновациялық құрал болып танылды және оқушылардың химия пәніне қатынасын оңтайландырудың тиімді тәсілі болып саналады.