Формальды емес білім беру мәселесі бойынша ағымдағы зерттеулердің талдауы

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2025-2-10-20
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақалада экономика мен технологияның қарқынды өзгеруі жағдайында өзектілігі артып отырған формальды емес оқытудың дамуы мен білім алуды қолжетімді етудің негізгі бағыттары қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі қоғамның жылдам өзгеретін талаптарына сай білім берудің икемді формаларына сұраныстың артуымен және өмір бойы білім алу қажеттілігімен негізделеді. Мақаланың мақсаты – формальды емес оқытудың теориялық негіздерін, халықаралық озық тәжірибелерін және Қазақстандағы білім беру мекемелеріндегі қазіргі жай-күйін талдау арқылы оны дамыту мен жалпы білім беру жүйесіне интеграциялаудың тиімді жолдарын ұсыну. Зерттеу әдістері ретінде Қазақстанның нормативтік-құқықтық актілері мен халықаралық құжаттарға талдау жасау, Web of Science және Scopus платформаларындағы ғылыми жарияланымдарға шолу, сондай-ақ салыстырмалы талдау және жүйелік-кешенді талдау қолданылды. Зерттеу нәтижелерінде Қазақстандағы формальды емес оқытудың негізгі мәселелері – қаржыландырудың жеткіліксіздігі, оқыту нәтижелерін тану жүйесінің болмауы және нормативтік-құқықтық базаны жаңарту қажеттілігі – анықталды. Оңтүстік Корея, Австралия және Швециядағы біліктілікті тану жүйелерінің табысты енгізілуі сияқты озық халықаралық тәжірибелер зерттелді. Мақаланың құндылығын арттыру үшін формальды емес оқытуға қатысушылар санының өсу үрдісі, онлайн платформалардың дамуы сияқты кейбір сандық өзгерістерге жалпы шолу жасалды. Қашықтықтан оқыту мен онлайн-платформалардың білімді қолжетімді етудегі және сапаны арттырудағы маңызды рөлі атап өтілді. Зерттеу нәтижелері Қазақстанда формальды емес оқыту саласындағы саясатты жетілдіруге және білім беруді баршаға қолжетімді ететін стратегиялар мен бағдарламаларды әзірлеуге негіз бола алады.