ҚАРЖЫЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР (FIN TECH): ҰҒЫМНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ, ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

2025

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2025.t80.n2.39
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақалада қаржылық технологиялар (FinTech) ұғымының мәні, тарихи даму кезеңдері және теориялық негіздері жан-жақты қарастырылады. FinTech – ақпараттық технологиялар мен инновациялық шешімдерді қолдану арқылы қаржылық қызметтерді оңтайландыруды, автоматтандыруды және халықтың кең ауқымына қолжетімді етуді көздейтін заманауи сала. Зерттеу барысында FinTech ұғымына қатысты отандық және шетелдік ғалымдардың көзқарастары сараланып, олардың анықтамалары жүйеленіп берілді. Бұл анықтамалар FinTech-тің көпқырлы табиғатын, атап айтқанда, цифрлық трансформация, автоматтандыру, клиентке бағытталған қызмет, жаһандық қолжетімділік және қаржылық инклюзия сынды аспектілерді қамтиды. Сонымен қатар мақалада FinTech-тің пайда болуынан бастап бүгінгі күнге дейінгі негізгі даму кезеңдері хронологиялық кесте арқылы берілді. FinTech саласының теориялық негіздеріне ерекше назар аудара отырып, цифрландыру, инновациялық бизнес модельдер, операциялық тиімділік және қаржылық жүйеге қатысушылардың кеңеюі сияқты факторлар сипатталды. Мақалада келтірілген талдаулар мен ғылыми тұжырымдар FinTech феноменінің экономикалық маңыздылығын ашып көрсетеді және оны әрі қарай зерттеуге негіз бола алады. Мақала экономика, қаржы және ақпараттық технологиялар саласында жұмыс істейтін мамандарға, зерттеушілерге және студенттерге пайдалы ақпарат көзі бола алады.