ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚҚ АУІПСІЗДІКТІҢ ГУМАНИТАРЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ: ҚИЫНДЫҚТАР МЕН БОЛАШАҒЫ

2025

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6270.2025.90.2.008
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл ғылыми мақалада цифрлы трансформация жағдайындағы Қазақстан Республикасындағы ақпараттық қауіпсіздіктің гуманитарлық аспектілері туралы айтылады. Заманауи ағымдағы түрлі мәселелердің жиынтығынан құралатын ақпараттық кеңістіктегі әлеуметтік үрдiстер соңғы онжылдықта елеулі назарға ілініп, түрлі зерттеу институттарының тарапынан зерттеле бастады. Ақпараттық кеңістіктегі аталмыш үрдiстер кейде мемлекет бақылауынан шығып қалып жатады. Көп жағдайда осы тектес тексерілмеген ақпараттардың үлкен көлемді түрде тарауынан жаңа конфликтілер туындап жатады. Бастапқыда аталмыш қиындықтарды оңай жіті назарда ұстап басқару мүмкіндігі болғанымен, уақыт өте келе ақпараттар тарапынан туындайтын қиындықтарды басқару мүмкіндігі қиындап жатқандығын түсіне аламыз. Қоғамды цифрландыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар өз мақсатын түбегейлі орындауға бел буып, Қазақстан Республикасы Орталық Азия елдері ішінде цифрлануы бойынша 1-орынға шығып отыр. Ғылыми мақалада Қазақстан Республикасының цифрлану тәжірибесіне эмпирикалық зерттеулер жүргізіліп, тарихи-салыстырмалы әдіснама негізінде көрші елдермен салыстырмалы сараптама жұмыстары жасалған. Аталмыш тақырып аясында айналысып жүрген отандық зерттеушілердің бірқатар еңбектеріне баға беріліп, шетелдік тәжірибе туралы айтылады. Қазақстандағы цифрландыру мақсатында жүзеге асырылған мемлекеттік маңызды шартты бағдарламалардың қаншалықты деңгейде жүзеге асырылғандығы туралы хабардар ететін статистикалық мәліметтер қоры да негізге алынған. Халықаралық стандартқа сәйкес цифрлы трансформацияның қазақ қоғамында еркін таралуы үшін қолайлы алғышарттар жасалған. Қазақ қоғамының цифрлы трансформация өтуі ең бірінші кезекте Қазақстан халқы үшін тиімді болмақ. Қазақстан халқының иденттілігі толыққанды қалыптасқан өз мәресіне жетіп, ұлттық иммунды жүйе әлемдік тәжірибе негізінде өз өміршеңдігін арттыра түседі. Қазақстан Республикасының экономикалық жандануына және өндірістік тұрғыдан ілгерілеуіне цифрланудың қосар үлесі зор. Алайда ақпараттық кеңістіктегі тексерілмеген мәліметтер қоры мемлекетті үлкен әлеуметтік дағдарыстар мен қиындықтарға алып келе алады. Сондықтан да ұлт қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін цифрлану тарапынан төнетін қауіптерге үлкен сақтық шаралары керек.