ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИА: ҚОҒАМ МЕН БИЛІКТІҢ АРАСЫНДАҒЫ КОММУНИКАЦИЯ

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2025.2.77.012
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Соңғы он бес жылда қарқынды түрде дамыған интернет-кеңістіктің басты мақсаты тек ақпарат алмасу емес, қоғамдық пікірді қалыптастыру және желі қолданушылардың мінез-құлқына әсер ету. Тұлғааралық қатынастың негізгі құралына айналған онлайн-алаңдар әмбебап интерактивті ортаның дамуына септігін тигізуде. Алыс-жақын қашықтыққа, уақыттың шектеуіне қарамастан түрлі ақпаратты өңдеп, таралу жылдамдығы жоғары деңгейге жеткен әлеуметтік медиа саласы өз оқырмандарымен кері байланысқа шығуды көздейді, себебі әлеуметтік желіде жарияланған әр бір бейне, аудио, сурет, мәтін белгілі стратегия арқылы таралады. Жұмыстың негізгі мақсаты – цифрлық кеңістік жағдайында қоғам мен биліктің арасындағы коммуникативтік стратегияларды ұсыну. Билік пен қоғамның арасындағы цифрлық коммуникацияны зерттеу мақсатында қолданылған әдіснама — компаративті және мәтіндік талдау. Әлеуметтік және басқаруға арналған мобильді веб-қосымшалар үкімет пен қоғам арасындағы цифрлық байланыстың негізгі құралы ретінде зерттелді. Зерттеудің негізгі бөлігі виртуалды жағдайда тұрақты байланыс арнасы ретінде қарастырылатын цифрлық әңгімелесуге арналды. Цифрлық әңгімелесу мәтіндік және лингвостилистикалық позициясынан зерттелді. Мәтіндерді зерттеу мақсатында автор социолингвистикалық және мультимодалды тәсіл қолданылған сыни дискурс-талдауына жүгінді.Зерттеу аясында ұсынылған коммуникативтік стратегиялар әлеуметтік желілердің рөлін айқындайды. Түрлі интенцияларды талдау арқылы автор отандық әлеуметтік медианың билік пен халық арасындағы қарым-қатынасына тікелей әсер ететін саяси құрал екенін дәлелдейді. Виртуалды коммуникация процессін жақсартатын тиімді әдістердің бірі ретінде шенділердің халықпен кері байланысқа шығуы зерттеу нәтижесінде көрсетілген. Автор ұсынған стратегиялар қоғамдық пікірдің қалыптасуына ықпал етеді әрі жаңа тактикалардың пайда болуына алып келеді. Автордың билік пен қоғам арасындағы коммуникацияның өзгеріске ұшырау себептерін цифрлық кеңістіктің шексіздігімен байланыстыруы зерттеудің құндылығын арттырады. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы отандық әлеуметтік медианы тек цифрлық әңгімелесу құралы ретінде қарастыру емес, ақпаратты өңдеу, тарату, алмасу және қоғамдық пікірді қалыптастыратын виртуалды жүйені талдау мүмкіндігінде жатыр. Билік өкілдерінің цифрлық коммуникация жағдайында қолданатын стратегияларды сипаттау, цифрлық медиадискурстың ақпарат алмасу арналарын қарастыру, цифрлық кеңістікке тән тілдік ерекшеліктерді анықтау зерттеудің практикалық маңыздылығын көрсетеді.