ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЕТІСТІКТІҢ НӨЛДІК МОРФЕМАСЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫ-СЕМАНТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2025.2.77.007
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада қазақ тіліндегі етістіктің нөлдік морфемасының функционалды-семантикалық ерекшеліктері когнитивтік аспектіде қарастырылады. Нөлдік формалар грамматикалық мағынаны беруші көрсеткіші жоқ тұлға ретінде есептелгенімен, тіл динамикасында мәдени кодты таныта алатын бірлік ретінде қызмет етеді. Мәдени кодты беруші тілдік бірліктер прагматикасы тұрғысынан да ерекшеленеді.Зерттеудің мақсаты – нөлдік морфемалардың когнитивті, аксиологиялық және коммуникативті модельдердегі тілдік механизмдерін айқындау. Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды: біріншіден, нөлдік морфемалардың лексика-грамматикалық табиғатын талдау; екіншіден, олардың сөйлем ішіндегі прагматикалық және функционалды-семантикалық қызметін нақтылау; үшіншіден, нөлдік морфемалардың когнитивтік танымдағы ерекшеліктерін анықтау. Зерттеу барысында контекстік, семантикалық талдау және когнитивтік модельдеу әдістері қолданылды. Жұмыста бұйрық райдың екінші жақ формаларындағы нөлдік морфемалар нақты тілдік мысалдармен зерделеніп, олардың мағыналық перифериясының контекстік қолданыс нәтижесінде өзгеретіндігі дәлелденді. Зерттеудің әдіснамалық негізін қазіргі тіл білімінің антропоөзектік бағытындағы лингвистикалық ұстанымдар құрайды. Атап айтқанда,нөлдік морфемақұбылысы когнитивтік лингвистика, функционалды-семантикалық грамматика, тілдік прагматикажәне деривациялық теорияаясында талданады.Зерттеудің нәтижесінде когнитивті аспектіде етістіктің жиі қолданыстағы категорияларындағы нөлдік көрсеткіштердің ерекшеліктері есім сөздердегі нөлдік көрсеткіштермен қатар сұрыпталып, талданды. Нөлдік морфеманың ықшамдау, тілдік үнемдеу принциптерін жүзеге асырып қана қоймай, ой екпіні мен прагматикалық айқындыққа әсер ететіндігі айқындалды. Сондай-ақ, нөлдік морфеманың зат есімдермен салыстырғанда етістіктерде функционалды және семантикалық ерекшеліктері мол екендігі, олардың сөйлеу актілеріндегі мағына кеңеюіне ықпал ететіні анықталды. Жұмыс нәтижелері қазіргі қазақ тілінің морфологиясы мен грамматикасын зерттеуде, когнитивті лингвистика саласында практикалық маңызға ие.