Ә.НҰРПЕЙІСОВТІҢ «ҚАН МЕН ТЕР» ТРИЛОГИЯСЫНДАҒЫ «АҚ» ПЕН «ҚАРА» ЖАЛПЫ АТАУЛАРЫ ТУЫНДАҒАН ТІРКЕСТЕРДІҢ ОРЫСША АУДАРМАСЫ ЖАЙЫНДА

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2025.2.77.020
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Тіліміздегі түр-түс атаулары мен олардан туындаған жай және тұрақты тіркестердің (фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, салыстырмалы тіркестер, жұмбақтар) барлығын бір ғылыми еңбекте толық әрі кешенді түрде қарастырып шығу мүмкін емес. Осыған байланысты зерттеу барысында түр-түс әлеміндегі «ақ» және «қара» атауларына арнайы назар аударылып, олардың танымдық және тілдік табиғаты қарастырылды.Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – «ақ» және «қара» түстерінің мағыналық реңктері мен қолданыс ерекшеліктерін анықтау. Аталған түстердің жеке қолданыстағы және тіркес құрамындағы қызметтерін талдау арқылы олардың ұлттық мәдениеттегі тарихи-әлеуметтік маңызын, этнолингвистикалық сипатын ашу көзделді.Зерттеу барысында салыстыру, мәтіндердегі түр-түс атауларының құрылымдық ерекшеліктеріне талдау жасау әдістері қолданылды.Зерттеудің теориялық маңыздылығы – «ақ» және «қара» түр-түс атау-лары мен олардан туындаған жай және тұрақты тіркестердің ауыспалы, метафоралық, символикалық және тұрмыстық мағыналарын жан-жақты ашып көрсетуінде. Бұл атаулардың танымдық табиғатын анықтау лекси-калық жүйедегі мағыналық қабаттарды терең түсінуге мүмкіндік береді.Бүгінгі таңда халықаралық қатынастардың кеңеюіне, рухани, мәдени және экономикалық байланыстардың дамуына байланысты тіл байлығын, соның ішінде түр-түс атаулары жүйесін де терең меңгерудің маңызы арта түсуде. Түр-түс атаулары қазақ тілінің көне және байырғы лексикалық қабатына жатады. Бұл атаулар мен тіркестерді өзге тілдерге (орыс, ағылшын, неміс және т.б.) оп-оңай аудара салуға келмейді. Сондықтан олардың астарындағы ұлттық салт-дәстүрлерді, наным-сенімдер мен дүниетанымдық ерекшеліктерді жетік білу қажеттілігі туындайды. Ғылыми жұмыстың практикалық маңыздылығы – зерттеу нәтижелерін әдебиеттану, аударма теориясы мен практикасы, сондай-ақ түр-түс атауларына қатысы бар барлық салаларда қолдануға мүмкіндік береді.