СҰХБАТ ДИСКУРСЫНЫҢ ГЕНДЕРЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2025.2.77.002
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

ерттеу жұмысы сұхбат дискурсының гендерлік ерекшеліктерін айқындауға арналған. Сұхбат тек публицистикалық жанр ғана емес, адам өмірінің құрамдас бөлшегі. Қоғамда дұрыс қарым-қатынас құра білу- кез келген адамға қажет қасиет. Сұхбат - сұхбат берушінің ой-толғанысына негізделеді. Жақсы сұхбат – сұхбат алушы адресант пен сұхбат беруші адресаттың сәтті комуникативтік акті құра алуымен, интенцияның жүзеге асып, коммуникативтік мақсатқа жетуімен өлшенеді. Зерттеудің мақсаты – ep және әйел тележүргізушілердің сұхбатын қарастыра отырып, сұхбат дискурсының гендерлік ерекшеліктерін анықтау. Зерттеудің ғылыми маңызы – сұхбат дискурсының гендерлік ерекшеліктеріне алғаш талдау жасалуымен құнды. Сұхбат барысында ep тележүргізушілердің манипуляция жасауға бейім екені анықталды. Әйел тележүргізушілердің коммуникациялық әрекеті сұхбат барысында диалог құрушы коммуникантқа тікелей бағытталатыны нақтыланды. Бір сұхбаттың өзінде бірнеше тақырып талқылатыны, сұхбатқа икемділігі, адресатпен тілдесу барысында сөзін жиі бөліп, өзінің эмоциясынан хабардар етуі – әйел тілінің прагматикалық ерекшеліктері екендігі мысалдармен дәйектелді. Зерттеу нәтижелері сұхбат дискурсын тың тұжырымдармен толықтырады. Зерттеудің практикалық маңыздылығы – зерттеу нәтижелері мен қорытындыларын коммуникация теориясын, дискурс, гендерлік лингвистика салаларына қатысты ғылыми пәндерді оқытуда көмекші құрал ретінде пайдалануға болады. Зерттеу барысында сұхбаттарды саралау үшін аналитикалық әдіс, ой тұжырымдар жасау үшін сипаттау әдісі, сұхбаттарды талдау барысында салыстыру, жинақтау, ой қорыту әдістері қолданылды.Зерттеу барысында төмендегідей ғылыми тұжырымдар жасалды:- Сұхбатқа қатысушы коммуниканттардың рөлі сұхбаттың жанды әрі жүйелі өтуіне септігін тигізеді. Сәтті коммунативті актіге құрылған сұхбат тыңдаушы тарапқа әсер етіп, сұхбат алушы мен беруші арасында коммуникативті-прагматикалық байланыс нығая түседі; - Ep тележүргізушілер сұхбат құруда жиі манипуляция жасайды;- Әйел тележүргізушілер кейіпкерін толық ашу үшін суггестиялық тілдік бірліктерді жиі қолданады; - Сұхбат барысында ерлердің коммуникациялық әрекет икемдігілі төмендеу және баяу, ал әйелдер сұхбат құруға бейім әрі сұхбат беруші тұлғаны прагматикалық-психологиялық тұрғыдан сөйлетудің түрлі амалдарын жасайды;- Ерлерге қарағанда әйелдер сұхбат беруші адресаттың сөзін жиі бөледі. Бұл әйелдердің сұхбатты қажетті арнаға икемдеп бағыттай алу қабілетінің тереңдігімен, тез арада бағдарлай алу мүмкіндігінің кеңдігімен байланысты.