КІТАПХАНАЛАРДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-АҚПАРАТТЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПЛАТФОРМАЛАР: ҚЫЗМЕТІ МЕН ТАРИХИ ДАМУЫ

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jh20251172012
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада сандық платформаларды пайдалана отырып, ғылым саласында осы бағыттағы технологияларды дамыту және қолдану тәжірбиесі, мұндай платформаларды қалыптастырудағы сандық кітапханалардың маңызы мен рөлі, сондай-ақ алынатын ақпараттың байланыстылығын қамтамасыз етуге қатысты мәселелер талқыланады. Кітапханалардағы ғылыми-ақпараттық платформалардың қызметін талдау нәтижелері олардың қазіргі ақпараттық қоғамдағы орны мен өзіндік маңыздылығын көрсетіп отыр. Аталған платформалардың негізгі міндеті – ғылыми зерттеулерді қолдау, білім алмасу және пайдаланушы деректерін жылдам әрі тиімді іздеу үшін ақпараттық ресурстардың қол жетімділігін қамтамасыз ету. Зерттеу барысында пайдаланушы интерфейсі, мәліметтер базасының толықтығы, іздеу мүмкіндіктері және ақпараттың өзектілігі сияқты мәселелері талданды. Бұл зерттеудің мақсаты – қазіргі ғылым және білім беру салаларындағы рөлін анықтау мақсатында кітапханалардағы ғылыми-ақпараттық платформалардың белсенділігіне жан-жақты талдау жасау болып табылады. Зерттеу барысында кітапханалардағы ғылыми-ақпараттық платформаларды талдау үшін әдебиеттерді шолу, студенттер мен оқытушылардан сұхбат алу, жүйелік және статистикалық талдаулар әдістері қолданылды. Аталаып отырған әдістер платформалардың функционалдығын, пайдаланушылардың қанағаттану деңгейін, сондай-ақ статистикалық деректерді өңдеу және зерттеу нәтижелерін визуализациялау үшін пайдаланылды. Зерттеуден алынған тұжырымдар ғылыми-ақпараттық платформаларды жетілдіруге практикалық тұрғыдан негіз бола алады, мұндай қол жеткізілген нәтижелер кітапханалар мен білім беру мекемелері үшін маңызды болып табылады. Осы жаңадан алынған ғылыми әрі практикалық нәтижелер пайдаланушылардың қажеттіліктеріне сәйкес келетін жаңа қызметтер мен мүмкіндіктерді енгізуге, сондай-ақ платформаларды пайдалану тиімділігін арттыра отырып, ғылыми зерттеулердің сапасын жақсартуға ықпал етеді.