І. ЖАНСҮГІРОВТІҢ ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫ БАСТАҒАН ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС МӘСЕЛЕЛЕРІ

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jh2025117208
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Ілияс Жансүгіров қазақ қоғамына ақын, әдебиетші, журналист ретінде танымал. Бірақ оның тарихи бағытта жазылған шығармалары көп жағдайда қалың оқырманның назарынан тыс қалып жатты. Бірінші себеп, ақынның сталиндік қуғын-сүргінге ұшырап, жазықсыз жазалануы, екіншіден, жазған еңбектерінің кеңестік қатаң саясаттың нәтижесінде оқылуға тыйым салынуы болды. Зерттеу мақаламыздың мақсаты құлагер ақынның «Жетісу өлкесін орыс алуы» атты тарихи тұрғыда жазылған шығармасы негізінде Кенесары Қасымұлының тарихи тұлғасы және ол бастаған ұлт-азаттық көтеріліс, сонымен қатар, оның өз әскерімен Жетісу өңіріне келуі мен жүргізген әскери іс-қимылдары, өмірінің соңғы сәттеріне қатысты оқиғаларды ғылыми тұрғыда қарастыру. Мақалада тарих ғылымындағы проблемалық, тарихилық және объективтілік принциптеріне сүйенген методология аясында жүйелеу, талдау, сондай-ақ тарихи фактілермен жұмыс жасау әдістері қолданылды. Өйткені, тек тарихи факт арқылы тарих ғылымының танымдық әлеуетін ашуға болады. Сонымен қатар, І.Жансүгіровтың ақындық және журналистік дарыны халық ауыз әдебиетінің үздік үлгілерімен тығыз байланыста болғандығын, атап айтқанда Нысанбай жыраудың «Кенесары-Наурызбай» дастаны мен басқа да ауызша тарих айту дәсүрінің заңды жалғасы ретіндегі ауызша тарих айту, логикалық қорыту әдістері кеңінен пайдаланылды. Зерттеу мақаламыздың ғылыми жаңалығы ретінде Ресей империясының отарлау саясаты туралы мәселе І.Жансүгіровтың тарапынан жан-жақты зерттелгеніне көз жеткізілді. Әскери-казактық отарлауға қарсы жалпыұлттық сипатқа ие болған Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс де назардан тыс қалмай қарастырылған. Әсіресе, көтерілістің соңғы әрі шешуші кезеңі, Жетісу жеріндегі іс-әрекеті тек тарихи тұрғыда зерттеліп қоймай, «Күйші» поэмасы арқылы көтерілістің ішкі ерекшеліктерін де түйсінуге қол жетікізілді. Құлагер ақынның Нысанбай жырау мен одан кейінгі ақын-жыраулардың туындыларымен таныс болғандығы, олардан рухани нәр алғандығы пайымдалды. Ресейдің Жетісу өлкесін отарлауы және Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің соңғы кезеңін қарастыру барысында Ілияс Жансүгіровтың еңбегін назардан тыс қалдыруға болмайды деген тұжырым жасаймыз. Яғни, құлагер ақынның тарихи еңбектері аталған мәселені терең түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан мақалада атап көрсетілген шығармаларын кәсіби тарихшылар назарда ұстап, өз зерттеулерінде пайдаланғаны дұрыс болмақ.