ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ: ЗЕРТТЕУДІҢ ТАРИХНАМАСЫ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯСЫ

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jh2025117206
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Қазіргі кезде отандық тарих ғылымында тарихи оқиғалар мен құбылыстарды жеке тарихи тұлғалардың ғылыми өмірбаяны арқылы тұлғаландыру Отан тарихын өзектілендіруде үлкен ғылыми және танымдық маңызға ие болып отыр. Тарихи тұлғалардың тұлғалық ерекшеліктерін, жеке басының қасиеттері мен өнегесін, қоғамдық-саяси дамуға жасаған ықпалын айқындау олардың тарихи жадтан аоалтын орыны мен атқарған рөлін бағалауға мүмкіндік береді. Содан да ұлттық мемлекеттік деңгейде танылған тұлғаның қызметі мен атқарған жұмыстарын зерттеу ел тарихын, қоғам дамуын жаңа қырынан танытады деп білеміз. Зерттеу жұмысының басты мақсаты еліміздің тарихында танымал мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы-этнолог ғалым Өзбекәлі Жәнібековті тұлғаландырып, оның қоғамдық-саяси қызметі тарихының тарихнамасын талдау болып белгіленді. Соған сай тақырыпта қайраткер-ғалымның өмірбаянын деректік негізде ғылыми қалпына келтіру, қоғамдық-саяси қызметін зерттеудің методологиялық ұстанымдарын айқындау міндеттері іске асырылады. Зерттеу әдістемесінің ерекшелігі жалпығылыми әдістермен бірге қазіргі замағы тарихи тұлғатану бағытындағы биографиялық тәсілдің ғылыми мүмкіндіктері қолданылды. Сол сияқты, мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы-этнограф, мәдениеттанушы және ұлт руханиятының жанашыры ретінде танылған Ө. Жәнібековтың қоғамдық-саяси, ғылыми-шығармашылық қызметі тарихи тұлғатанудың өлшемдеріне сай бағаланды. Зерттеудің ғылыми нәтижесі постструктуальдық ғылыми принциптер мен тәуелсіз тарихи таным ұстанымдары негізінде қайраткер-ғалымның тұлғалық тарихы мен қоғамдық-саяси қызметі мен шығармашылығы ғылыми қалпына келтірілді. Зерттеу нәтижелері тарихи тұлғатану бағытында жаңалық болып саналады және Отан тарихын оқытуда әдістемелік көмекші материал бола алатын қолданбалығымен ерекшеленеді.