Академик Рәбиға Сыздықтың лингвостилистикалық тұжырымдамалары: қазақ сөзінің стильдік тезге түсуі

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph202519821
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада қазақ тіл білімінің аса көрнекті өкілі, академик Рәбиға Сыздықтың көркем мәтін стилистикасын зерттеудегі ғылыми тұжырымдары мен әдіснамалық ұстанымдары талданады. Автор зерттеу нысаны ретінде академиктің стилистикалық бірліктерді – стильдік тезге түсу (стилизация), фольклоризация, сөз таңдауы, сөз құбылту, сөз үйлестіру, автор образы тәрізді негізгі категорияларды қазақ көркем тіліне бейімдей отырып жасаған теориялық негіздерін қарастырады. Ғалым еңбектерінде қазақ әдеби тілінің тарихы мен қазіргі даму заңдылықтарын, ұлттық мәдениетпен сабақтастығын айқындауда лингвостилистика ғылымының дербес саласы ретінде орнығуына баса назар аударылған. Мақалада Абай, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, Ә. Кекілбаев сияқты қаламгерлер шығармаларының тілі мен стилін лингвистикалық аспектіде талдау арқылы көркемсөз табиғатын танудағы Р. Сыздықтың өзіндік әдіснамасы баяндалады. Сонымен қатар қазіргі қазақ прозасындағы тілдік-стильдік үрдістер, жас жазушылардың көркем тілді игеру деңгейі мен сөзқолданыстағы стилистикалық жаңашылдықтары зерделенеді. Автор лингвистикалық, лингвомәдени, когнитивтік және прагматикалық аспектілерді ұштастыра отырып, көркем мәтіндегі бейнелі сөзқолданыстың, қайталамалар мен фразеологиялық трансформациялардың эстетикалық қызметін жан-жақты сипаттайды. Зерттеу барысында ұсынылған теориялық-тәжірибелік тұжырымдар ұлттық көркем тіл нормаларын жаңғыртуға, қазақ әдеби тілінің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтуге және тілдің көркемдік әлеуетін терең танытуға мүмкіндік береді. Мақала нәтижелері қазақ лингвостилистикасының әрі қарай дамуына негіз бола алады. Түйін сөздер: Рәбиға Сыздық, қазақ лингвостилистикасы, стилизация, фольклоризация, сөз таңдау, автор образы, көркемсөз, стильдік талдау, эстетикалық қызмет, көркем тіл нормалары.