Жаздық жұмсақ бидай сорттарының өнімділігі мен құрғақшылыққа төзімділігін арттырудың кешенді агротехнологиялық шаралары

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2025.2(125).1844
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Алғышарттар мен мақсат. Жаздық жұмсақ бидай елімізде көп мөлшерде экспортталатын негізгі ауылшаруашылығы дақылы болып саналады. Дақыл өнімділігі қазіргі кезде орын алып жатқан жаһандық климаттың өзгеруінен көп зардап шегуде, сондықтан өсірудің бейімделген шаралар жүйесінің болмауы бүкіл өңірдің азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан, құрғақшылықтың жаздық жұмсақ бидай дақылының өнім түзу үдерістеріне теріс әсерін төмендетуге арналған кешенді агротехнологиялық шаралар жүйесін зерттеу мақаланың негізгі мақсаты болды. Материалдар мен әдістер. Агрономияда қабылданған әдістеме бойынша жүргізілген танаптық тәжірибеде жаздық жұмсақ бидайдың сорттары, кешенді препаратты пайдалану және беткі топырақ өңдеу жұмыстары зерттелді. Зерттеу барысында бидайдың нақты өнімділігін, дақылдың төзімділік индексін, өнімнің тұрақтылық индексін, өнімділіктің модельденген мәнін, өсімдіктің стресске төзімділік және сезімталдық индексін бағалау және саралау жүргізілді. Нәтижелер. Танаптық зерттеулер нәтижесінде агротехнологиялық шаралардың жаздық жұмсақ бидай сорттарының өнімділігі мен құрғақшылыққа төзімділігін арттыруға айтарлықтай ықпалы болатындығы дәлелденді. Қорытынды. Алынған нәтижелер негізінде бидай тұқымын кешенді препаратпен өңдеу, егістікті түптену кезеңінде үстеме қоректендіру және тұқым сепкеннен соң топырақты тығыздау және түптену кезеңінде тырмалау жұмыстары негізгі астық өндіруші аймақ болып табылатын Орталық және Солтүстік Қазақстанның құрғақ далалы жағдайында қолдану ұсынылды.