ГАЖ технологиясын және RUSLE моделін пайдалана отырып, топырақ эрозиясын бағалау

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2025.2(125).1864
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Алғышарт мен мақсат. Қазіргі таңда топырақ эрозиясы қоршаған ортаға көптеген зардабын тигізуде. Ауыл шаруашылық саласында топырақ эрозиясы (желдің және судың шайуы) немесе антропогендік деградацияның әсерінен топырақтың құнарлы қабатының жойылуына әсер етуде. Ғылыми мақалада нақты ауылшаруашылық жерлерінде заманауи технологияларды қолданып жер деградация процессін азайту жолдары көрсетілген. Материалдар мен әдістер. Зерттеудің мақсаты геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) мен RUSLE моделінің интеграциясы негізінде Ақмола облысы Есіл ауданының су эрозиясына шалдыққан жерлерінің жағдайын зерттеу. Талдау барысында келесідей көрсеткіштер мен коэффициенттер қарастырылды: R - жауын-шашынның түсу мөлшері; К - топырақтың эрозияға төзімділігі коэффициенті; LS - еңістіктің ұзындығы мен тіктігін сипаттайтын коэффициент; C – жерпайдаланушылық пен топырақ жамылғысының факторы; P- эрозияға қарсы қолданылатын шаралар және басқада көрсеткіштер қолданылды. Нәтижелер. Талдаудың нәтижесі бойынша, аудандағы топырақтың құнарлы қабатының жоғалуы орташа деңгейде (3,2 т га-¹ жыл-¹) екені анықталды. Жалпы зерттеу объектісінде жылына шамамен 90,7% (0-20 т га-¹ жыл-¹ аралығында) төмен немесе орташа деңгейде топырақтың құнарлы қабатының шайылуы анықталды, ал максималды топырақ құнарлығының жоғалту 9,3%-ға (40 т га-¹ жыл-¹) дейін жетеді. Қорытынды. Ұсынылған эрозияны бағалау әдісі топырақ эрозиясының кеңістікте таралу процесстерін толық игеруге мүмкіндік береді, топырақ эрозиясының болашақта қалыптасуын дәстүрлі бағалау әдісіне қарағанда жақсырақ анықтайды, сонымен қатар топырақты тұрақты басқару мақсатында тиімді қолдануға ықпал етеді.