С.Н.ТӘНЕКЕЕВТІҢ «1916. ҚАРҚАРА-АЛБАН КӨТЕРІЛІСІ»ЕҢБЕГІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ АЙҚЫНДАЛУЫ

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2025.85.2.021
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Кез келген халықтың тарихы оның азаттық пен тәуелсіздікке ұмтылысымен тығыз байла-нысты болып келеді. Бұл ұмтылыс –ұлттың рухани және тарихи тұтастығының, өзін-өзі тануының, ұлт ретінде қалыптасуының негізгі тіректерінің бірі. Осы жолда орын алған ірі тарихи оқиғалардың мазмұны мен мәнін терең зерделеу тек өткенді тану үшін ғана емес, сонымен қатар келешек ұрпақтың ұлттық санасын қалыптастыру және мемлекеттілікті нығайту үшін де аса маңызды.Ұсынылып отырған мақалада тарихшы-зерттеуші С.Н. Тәнекеевтің «1916. Қарқара-Албан көтерілісі» атты көлемді әрі аса құнды еңбегі талданады. Бұл еңбек 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің Жетісу өңіріндегі маңызды ошақтарының бірі –Қарқара-Албан қозғалысына арналған. Ресми түрде кәсіби тарихшы ретінде танылмағанымен, С. Тәнекеев өзінің зерттеу жұмысында ҚР Мемлекеттік мұрағаттарынан алынған деректерді, сол дәуірдегі баспасөз материалдарын, ресми құжаттар мен куәгерлердің естеліктерін жан-жақты пайдаланып, тарихи оқиғаны объективті түрде талдауға тырысқан.Ғалымның еңбегінің ерекшелігі –көтерілістің себеп-салдарын, барысы мен салдарын тек фактілер тізбегі ретінде емес, тарихи-философиялық тұрғыда қарастырып, оның терең этноәлеу-меттік және этномәдени астарларын ашып көрсетуінде. Бұл зерттеуде қазақ халқының Ресей империясының отарлық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалыс кезеңіндегі біртұтастық пен мызғымас бірлік қағидаттарын ұстанып, өз Отаны үшін жанын пида еткен ержүрек батырлардың ерлігі, қарапайым халықтың отансүйгіштік қасиеті, ортақ мақсат жолында ұйымдасқан түрде әрекет ете алғаны тарихи дәйектер арқылы дәлелденген.С.Н. Тәнекеев көтерілістің ұлт-азаттық сипатын негізгі айқындаушы фактор ретінде қарастыра отырып, бұл оқиғаның тарихи маңызын «Отан» және «ерлік» концептілері арқылы түсіндіреді. Оның пайымдауынша, 1916 жылғы Қарқара көтерілісі –тек жергілікті деңгейдегі қарсылық емес, қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен отарлық езгіге қарсы тұруының көрінісі. Автор үшін «Отан» ұғымы –тек географиялық ұғым ғана емес, ол тарихи жады мен рухани мұраның, еркіндікке ұмтылған халықтың жан-дүниесінің жиынтық бейнесі. Ал «ерлік» –тек жекелеген тұлғалардың батырлығы ғана емес, бүкіл ұлттың ұжымдық рухани қуатының көрінісі.Мақалада еңбектің құрылымына, баяндау стиліне, дереккөздерді пайдалану шеберлігіне және авторлық ұстанымның ғылыми салмағына талдау жасала отырып, С.Н. Тәнекеевтің жұмысы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың тарихи жадыдағы орны мен ұлт санасындағы мәнін ашуға қосқан елеулі үлес ретінде бағаланады.