ТҮРКИЯНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕРІНЕ ҰСТАНҒАН СЫРТҚЫ САЯСАТЫН ТАЛДАУ(ХХ ғасырдың 90-жылдары -XXI ғасырдың басы)

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2025.85.2.008
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада Түркияның Орталық Азиядағы түркітілдес мемлекеттеріне ұстанған сыртқы саясаты ХХ ғасырдың 90-жылдары мен XXI ғасырдың басы аясында талданды. ХХ ғасырдың 90-жылдары -XXI ғасырдың басында Түркияның Орталық Азиядағы Түркітілдес мемлекеттеріне ұстанған сыртқы саясатына ғылыми талдау жасап, Ресейдің бұл қатынастарға ықпалын айқындау зерттеу жұмысымыздың маңызды гипотезасы саналады. Зерттеу аясында тарихи, саяси және халықаралық қатынастар әдістері қолданылды. ХХ ғасырдың 90-жылдарында Түркия менРесейдің Орталық Азиядағы Түркітілдес мемлекет-терге ұстанған сыртқы саясаттарын өз ішінде екі кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезең 1991-1993 жылдары аралығын қамтып Ресей бұл дәуірде КСРО-ның ыдырауына байланысты экономикалық мәселелерін шешумен әлек болып, Орталық Азиядағы Түркітілдес мемлекеттеріне қатысты ұстанған саясаты, әрі үстемдігі бәсендей бастаған болатын. Ал Түркияның бұл елдерге қатысты сыртқы саясаты сол дәуірдің ұлы державасы АҚШ-тың қолдауы арқасында белсенділігі арта түскен. Екінші кезең 1994-16 қараша 2001 жылдары аралығын қамтып, бұл жылдары аралығында Ресейдің Орталық Азиядағы Түркітілдес мемлекеттеріне қайтадан қызығушылық танытып, Түркия болса аймақ елдерімен байланысын экономикалық әрі білім-ғылым саласын дамытумен шектегенболатын. Ресейдің Орталық Азиядағы Түркітілдес мемлекеттеріне деген қызығушылығының қайтадан күшеюі бірнеше себептерден туындаған. Олар ең бастысы Ресей Батыс елдерінен қажетті қаржы көмегін ала алмады, екінші жағынан билік басына ұлттық мүддені әрі ұлттыққауіпсіздікті алға тартатын мемлекеттік қызметкерлер келген еді. Олардың ұстанған басты сыртқы саяси стратегиясы Ресейдің таяу шетелде ықпалы мен үстемдігін күшейту болды. XXI ғасырдың алғашқы жылдары 16 қазан 2001 жылдан бастау алады. Бұл дәуірдің бастыерекшелігі екі мемлекет «Еуразияда ынтымақтастықты дамыту әрекетінің жоспары: екі жақты ынтымақтастықтан көпбағытты әріптестікке» атты келісімге қол қойып, Түркия мен Ресей арасындағы байланыстар нығаюға бет алды және екі жақты экономикалық қатынастар қарқынды түрде дамып, екі елдің Орталық Азиядағы Түркітілдес мемлекеттеріне ұстанған сыртқы саясаттары үйлесімді түрде жалғасты.