БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ДАЯРЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ АНАЛИТИКАЛЫҚ-РЕФЛЕКСИВТІ ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ

2025

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2025.86.2.015
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада болашақ педагогтардың кәсіби міндеттерді шешуге даярлығын қалыптастыру мәселесі қарасты-рылады. Бұл мәселе қазіргі білім беру жүйесінде болашақ мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыруда өзекті мәселелердің бірі болып табылады.Мақаланың мақсаты:Болашақ педагогтардың кәсіби міндеттерді шешуге даярлығын арттыруда аналити-калық-рефлексивті тапсырмалардың рөлін айқындау, олардың құрылымдық компоненттерін сипаттау және оқу процесінде тиімді қолдану ерекшеліктерін ашып көрсету.«Даярлық» және «кәсіби міндеттерді шешуге даярлық» ұғымдарын теориялық, практикалық және тұлғалық тұрғыдан талдау жасап, олардың мәні-мағынасына сипаттама беріледі. Ұғымдардың құрылымдық компонент-тері (мысалы, білімдік, танымдық, мотивациялық, рефлексивтік т.б.) нақтыланады.Педагогика курсын оқыту барысында қолданылатын аналитикалық-рефлексивті тапсырма түрлері қарасты-рылады. Аталған тапсырмалардың болашақ мұғалімдердің аналитикалық ойлау қабілеті мен рефлексивті дағдыларын дамытуға ықпалы көрсетіледі. Аудиовизуалды, мәтіндік-визуалды, таза визуалды тапсырмалардың тиімділігі сипатталады және олардың студенттердің кәсіби даярлық деңгейін арттырудағы рөлі мазмұндалады. Мақалада қолданылған тапсырмалардың типологиясы (түрлері, мазмұны) мен оларды оқу процесінде қолдану ерекшеліктері сипатталады.Сонымен, мақалада болашақ мұғалімдерді кәсіби міндеттерді шешуге жан-жақты даярлауда қолданылатын әдістер мен тапсырмалардың теориялық және практикалық негіздемесі ұсынылады және олардың тиімділігі ғылыми түрде дәлелденеді.