ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ

2025

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2025.83.2.029
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақалада инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін (ЕБҚ) балаларға көрсетілетін психологиялық қолдаудыңмазмұны, маңызы және практикалық жүзеге асырылу жолдары қарастырылады. Қазіргі білім беру жүйесінде ЕБҚ балалардың танымдық, эмоционалдық және әлеуметтік даму ерекшеліктерін ескере отырып, психологиялық қолдауды кәсіби деңгейде ұйымдастыру –басты қажеттіліктердің бірі болып отыр.Зерттеу барысында жалпы білім беретін мектептерде психологиялық қызметтің жағдайы, мамандардың кәсіби дайындығы, ата-аналармен өзара іс-әрекет деңгейі және ЕБҚ балалардың жеке дамуындағы қиындықтар жан-жақты талданды. Сауалнама, бақылау және сұхбат әдістері арқылы алынған мәліметтер мектептегі психологиялық қолдаудың жеткіліксіздігін және жүйелі жұмыстың болмауын көрсетті. Көп жағдайда психологиялық қызмет тек диагностикамен шек-теліп, түзету, кеңес беру, сүйемелдеу және даму мониторингі сынды маңызды бағыттар ескеріл-мейді. Бұл жағдай ЕБҚ балалардың әлеуметтенуіне, оқу мотивациясына және өзін-өзі бағалауына теріс әсер етуі мүмкін.Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, психологиялық қолдау қызметін жетілдіру үшін келесі аспектілерге назар аудару қажет: мектеп психологтарының инклюзивті білім беруге бейімделген біліктілігін арттыру, ата-аналармен тиімді байланыс орнату, әр оқушының жеке психологиялық даму картасын жүргізу және мектепішілік қолдау жүйесін жүйелеу. Сондай-ақ, мемлекеттік деңгейде психологиялық қызметтің нормативтік және әдістемелік базасын жаңғырту өзекті мәселе болып табылады.Мақалада осы саладағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарына нақты ғылыми-тәжірибелік ұсыныстар берілген. Ұсынылған тәсілдер мен модельдер инклюзивті білім беру сапасын арттыруға, ЕБҚ балалардың толыққанды дамуына және мектеп қауымдастығының үйлесімділігіне септігін тигізеді.