ОТБАСЫНДАҒЫ АТА-АНА МЕН БАЛАНЫҢ ПЕРЦЕПТИВТІКҚАТЫНАСЫНЫҢПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2025

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2025.83.2.028
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы перцептивтік қатынастың психоло-гиялық ерекшеліктерін анықтауға арналған зерттеулер жүргізілді. Теориялық талдау негізінде отбасы, отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қатынас, бала тәрбиесіне байланысты ежелгі философтар еңбегінен бастап, қазіргі замандағы психология, отбасы психологиясы, қарым-қатынас психологиясы, әлеуметтік психология саласын зерттеген ғалымдардың еңбектеріне талдау жасау арқылы перцептивтік қатынас, әлеуметтік перцепция түсінігіне анықтама беріліп, ғалымдардың ой-пікірлері сараланып, ата-ана мен бала арасындағы перцептивтік қатынастың түзілу ерекшеліктері сипатталды. Сондай-ақ, теориялық-әдіснамалық зерттеулердің негізінде тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар ұйымдастырылды. Зерттеу мақсатына орай, эксперименттік жұмыс барысындаДембо –С.Рубинштейн бойынша тұлғаның өзін-өзі бағалау әдістемесі, Е.Г.Эйдемиллер, В.В.Юстицкисдің (ОҚТ) «Отбасылық қатынастарды талдауы», А.Я.Варга мен В.В.Столинаның Ата-ананың қатынасын анықтау сауалнамасы қолданылды. Мақала барысында зерттеуге61 жасөспірім қатыстырылып, зерттеу нәтижелеріне сандық және сапалық талдау жүргізілді. Ата-ананың тұлғалық-психологиялық қасиеттері және отбасындағы ата-аналар мен балалар арсындағы өзара қарым-қатынасының сипаты отбасындағы тәрбие түріне тікелей байланысты болып табылады. Ол үш негізгі компоненттің бірлігі: ата-ананың бала туралы, оған деген көзқарасы мен ықпал ету тәсілдерін бақылауы, талап қою, мадақтау, жазалау және т.б. тәрбие әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылатындығын біз зерттеу барысында анықтауға әрекет жасадық. Мақала қорытындысында ата-ана мен бала арасындағы оңтайлы прецептивтік қатынастың түзілеуіне отбасылық тәрбие түрі, ата-ананың ұстанатын стильдерінің психологиялық әсері зор екені мәлімденеді.