ТҰЛҒАНЫҢ СТИЛЬДІК ҚАСИЕТТЕРІ МЕН ӨМІРДЕГІ ТАБЫСТЫЛЫҚТЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ

2025

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2025.83.2.004
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада тұлғаның стильдік қасиеттерінің өмірдегі табыстылықпен байланысы мәселесі қарастырылады. «Тұлғаның стильдік қасиеттері»және «өмірлік табыстылық»ұғымдарына теориялық талдау жүргізілді, олардың жеке өзін-өзі жүзеге асырудағы рөлі негізделген. Тұлғаның стильдік ерекшеліктері –бұл адамның қызметке, қарым-қатынасқа және сыртқы орта әсеріне бейімделуінің тұрақты әрі тән тәсілдерін сипаттайтын жеке қасиеттер. Ал өмірлік табыстылық –адамның кәсіби, жеке және әлеуметтік өмір салаларында қол жеткізген нәти-желерін субъективті және объективті тұрғыдан бағалау арқылы анықталатын көрсеткіш. Ол өзіне мансаптағы жетістіктерді, материалдық жағдайдыңдеңгейін, тұлғааралық қатынастар сапасын және өмірге деген қанағаттанушылықты қамтиды.Зерттеуде талдаудың сапалық және сандық әдістерін біріктіретін кешенді әдістемелік тәсіл қолданылды. Әдеби дереккөздерге теориялық талдау және тұлғаның стиль сипаттамаларының өмірлік жетістік көрсеткіштерімен байланысын эмпирикалық зерттеу. Эмпирикалық зерттеуге 25 пен 45 жас аралығындағы 120 адам қатысты, олардың 58-і ерлер мен 62-сі әйелдер. Барлық қатысушылардың жоғары білімі болды және әртүрлі кәсіптік салаларда (бизнес, білім, медицина, мемлекеттік қызмет) жұмыс істеді. Іріктеу мақсатты іріктеу әдісімен қалыптасты. Тұлғаның стильдік қасиеттерін диагностикалау әдістемесі -А. Г. Шмелев сауалнамасының бейімделген нұсқасы, өмірліктабыстылық сауалнамасы–өмірдің негізгі салаларындағы субъективті қанағаттанушылықты бағалайтын 20 тармақтан тұратын авторлық анкетажәне субъективті бақылау деңгейін диагностикалау әдістемесі (Е.Ф. Бажин және т. б.) –стильдік сипаттамалары мен табыстылық арасындағы әлеуетті медиатор ретінде ішкі мотивация дәрежесін бағалау үшін қолданылды. Деректерді өңдеу IBM SPSS Statistics 26.0 бағдарламалық пакеті арқылы жүр-гізілді. Эмпирикалық зерттеулерге сүйене отырып, сенімділік, өзін-өзі реттеу, бейімделу және рефлексия сияқты әртүрлі стильдік қасиеттер кәсіби және жеке салаларда өмірлік жетістікке қалай ықпал ететіні анықталды.