Тілдер арасындағы аударма сапасын арттыру: ағылшын-қазақ тілдеріндегі жетістіктер мен мүмкіндіктер

2025

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.53364/24138614_2025_37_2_12
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Машиналық аударма – қазіргі таңда қарқынды дамып келе жатқан және кеңінен қолданылатын заманауи технологиялық салалардың бірі. Әлемдік жаһандану үдерісі мен көптілді коммуникация қажеттілігі бұл саланың маңыздылығын айтарлықтай арттыра түсті. Түрлі мемлекеттер мен мәдениеттер арасындағы ақпарат алмасу мен өзара түсіністікті жеңілдету мақсатында машиналық аударма құралдары кең көлемде қолданылуда. Атап айтқанда, Google Translate және Яндекс Аудармашы сияқты жүйелер халықаралық деңгейде ең танымал әрі тиімді платформалар қатарына жатады. Бұл жүйелер жыл сайын жаңа алгоритмдер мен тілдік модельдерді енгізу арқылы өз аударма сапасын жетілдіруде. Алайда соңғы зерттеулер нәтижесі бойынша, бұл платформаларда ағылшын тілінен қазақ тіліне немесе басқа түркі тілдеріне жасалатын аудармалардың сапасы әлі де төмен деңгейде қалып отыр. Мұндай нәтиже, ең алдымен, қазақ тілінің күрделі морфологиялық және синтаксистік құрылымымен, сондай-ақ сөз тәртібі мен контекстуалдық мағынаның ерекшеліктерімен байланысты. Зерттеудің мақсаты – ағылшын тілінен қазақ тіліне бағытталған нейромашиналық аударманың сапасын арттыру үшін трансформер модельдерін бейімдеу және пост редакторлеу әдістерін қолдана отырып тиімді тәсілдер ұсыну. Осы мақсатта OpenNMT платформасында қазақ және басқа түркі тілдеріне бейімделген трансформер үлгісі әзірленіп, 180 000 сөйлемнен тұратын параллель корпус негізінде оқытылды. Алынған аударма нәтижелерін бағалау BLEU метрикасы арқылы жүзеге асырылды. Сонымен қатар, аударма сапасын арттыру үшін пост-редакторлеу кезеңінде Kaz-RoBERTa моделі қолданылды. Зерттеу қорытындылары көрсеткендей, параллель мәліметтердің сапасы мен көлемін ұлғайту, сондай-ақ трансформер моделін нақты тілдік ерекшеліктерге бейімдеу аударма нәтижелерінің дәлдігі мен түсініктілігін едәуір жақсартады.