ШЕТ ТІЛІ МҰҒАЛІМІНІҢ ІЗДЕУ-ЗЕРТТЕУ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ КӘСІБИ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

2025

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2025.77.2.026
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Шетел тілі мұғалімдерінің іздеу-зерттеу құзіреттілігінің еңбек нарығындағы қажетті құзіреттіліктің бірі ретінде қарастырып, оны дамытуға кәсіби-қатысымдық іс-әрекетінің ерекше маңыздылығын тәжірибе түрінде дәлелдейді. Студенттердің бастапқы курстардан бастап іздеу-зерттеу қызметін дағдыландырумен қатар, жеке тұлғалық қабілеттіліктерін ашуға, жұппен жұмыс істеуге белсендіре отырып, дамуына жол беретінін көрсетеді. Мақаланың негізгі мақсаты-болашақ мұғалімдер, шетел тіл мамандарының зерттеу жұмыстарын жасау арқылы кәсіби-қатысымдық дағдысын дамытудың теориялық және тәжірибелік маңыздылығын анықтау. Мақаланың теориясында зерттеу іс-әрекетінің түрлері қарастырылып, болашақ маман иелерінің кәсіби және жеке тұлға ретінде қалыптасуына тигізетін пайдалары мен мүмкіншіліктері туралы талқылайды. Сонымен қатар, шетел тілінде қарым-қатынасқа түсуге ынталандыру арқылы кәсіби-қатысымды дамытумен бірге іздеу-зерттеу дағдысын жетілдіруді қарастырады. Себебі студенттер шетел тілі иелерімен қарым-қатынасты белгілі бір тақырып аясында жүргізгенімен, сабақтан тыс, еркін түрде сөйлесуге мүмкіндік алады. Тақырып аясында сұқбат алу немесе пікір алмасуға дайындық барысында болашақ мұғалімдер, өз мамандығы туралы қосымша ақпарат жинақтап, саралап, қажетті стильде коммуникацияға түсуге дайындалып, шынайы өмірде қолданысқа енгізуге тырысады. Сол арқылы кәсіби-қатысымдық дағдысы дами түседі.Студенттердің іздеу-зерттеу жұмысымен айналысу үрдісінде қолданатын технологияларды анықтап, оларға сипаттама беріледі. Оның ішінде зерттеуге бағытталған тапсырмаларды орындау кезінде цифрлы технологиямен жұмыс жасау қабілетін, видео материалдар дайындау немесе ақпараттарды басқару негізінде презентация дайындау көмегімен дамытса, корпоротивті жұмыс жасау қабілетін жұппен жұмыс кезінде көрсете алады. Болашақ шетел тілі мамандарының білім беру саласында, еңбек нарығында жоғарғы сапалы маман болу үшін қажетті қабілет, білім, дағдыларыды оның ішінде әлеуметтік тапсырыстардың бірі ретінде зерттеу қабілетін дағдыландыру арқылы кәсіби-қатысымдық құзіреттілігін дамыту жолдарын қарастырады.