МЕКТЕП МАТЕМАТИКА КУРСЫНДАҒЫ «ТРИГОНОМЕТРИЯ» БӨЛІМІН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МАЗМҰНМЕН БЕРІЛГЕН ЕСЕПТЕРМЕН БАЙЛАНЫСТЫРА ОҚЫТУ

2025

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2025.77.2.036
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада мектеп бағдарламасындағы математика курсындағы «Тригонометрия» бөлімін экологиялық мазмұнда берілген есептер арқылы оқытудың маңыздылығы қарастырылады. Сонымен қатар, математика сабақтарына экологиялық мазмұнмен берілген есептерді кіріктіре оқыту — қазіргі заман талабына сай білім берудің маңызды аспектілерінің бірі болып отыр. Тригонометрияның табиғаттағы құбылыстарды өлшеу мен модельдеудегі рөлі, мысалы, ағаштардың биіктігін анықтау, жердегі су деңгейінің өзгерісін бақылау секілді практикалық есептер арқылы түсіндірілген. Атап айтқанда, оқушыларға математиканың күнделікті тұрмыста қолданылуын көрсетумен қатар, олардың мектеп қабырғасында алған теориялық білімдерін өмірде қолдануға мүмкіндік беретін бағыттардың бірі екендігін көруге болады. Демек, экологиялық есептерді шешуде тригонометриялық әдістерді пайдалану оқушылардың нақты әлемдегі экологиялық мәселелерді модельдеу және түсіндіру қабілеттерін дамытады. Мұндай тәсіл оқушылардың табиғатты қорғауға саналы жауапкершілігін арттырады.Мақаланың басты мақсаты — оқушыларды математикадан алған білімдерін нақты өмірде қолдана білуге, қоршаған ортаның түрлі мәселелерін тригонометрия әдістері арқылы шешуге баулу. Бұл, өз кезегінде, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың экологиялық сана-сезімінің оянуына ықпал етеді. Экологиялық есептерді пайдалану білім беруді өмірмен, нақты әлем мәселелерімен тығыз байланыстыруға мүмкіндік береді.Тригонометрия бөлімін экологиялық мазмұндағы есептермен байланыстыра оқытудың маңыздылығы білім алушылардың аналитикалық және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуда құнды. Бұл тәсілдің маңыздылығы, оның оқушыларға жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланыста кешенді білім беруге қабілеттілігінде. Оқушылар жаңартылған әдіс-тәсілдердің көмегімен экология мен математика арасындағы байланысты түсініп, бұл білімді келешекте қоршаған ортаны қорғау және тұрақты дамуды қолдау шараларында пайдалана алады. Осылайша, тригонометрияны экологиялық мазмұнмен оқыту болашақ ұрпақтың интеллектуалдық дамуына ғана емес, олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.